Жұмысқа тұрақты орналасқыңыз келсе…

Oinet.kz 17-07-2019 1191

 жұмыс.jpg

  Жұмысқа тұрақты орналасқыңыз келсе…

Дипломыңды қолға алғаннан    кейінгі сенімді  жұмысқа тұру қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі.   Біршамаларымыз жұмыс іздеуде ОLX- ке жүгінеміз. Дегенмен, ОLX-тен  көңілін тоярлық, өзіне ұнамды жұмыс табу күрделірек. Қазіргі таңда  OLX-тегі хабарландырулардың 70 %- ы желілік маркетингке (сетевой маркетингке) толы. Қалған 20%-ы сатушы, даяшы, оператор сынды ваканциялар екен.

 Жұмыс іздеудің  ен тиімді тәсілі «HeadHunter» программасы. Бұл программаның ерекшелігі: ешқандай желілік маркетинг (сетевой маркетинг) қабылданбайды. Хабарландыру барысында тексерістен өткізеді. Компания жайлы толық мәлімет, мекен-жайы, жалақы мөлшері нақты көрсетіледі. 

Сонымен қатар, өз ойыңыздағыдай  түйіндеме толтыра аласыз. Сізге өздері хабарласып, көп күттірмей  жауабын  айтады.

 Түйіндемені толтыру барысында  ұсақ-түйекке дейін назар аударыңыз. Себебі, түйіндемеңіз сіздің айнаңыз. 

- Шынайы болыңыз. Өз өтірігіңізге өзіңіз сеніп, қиын жағдайда қалып қоюыңыз мүмкін.

- Сауатты және ұқыпты толтырыңыз.

- Компьютерлік біліктілікті міндетті түрде көрсетіңіз.

- Тілдерді білуіңіз өте маңызды. Егер екі жағдайда да « үйленген не сауатыңыз мектеп деңгейінде болса, асықпаңыз. Тым болмағанда, бір айдай орыс тілін меңгеріңіз.

- Отбасылық  жағдай. Мұнда кететін қателік неде? Ер кісілерде « үйленген немесе үйленбеген» ,- делінсе ал,  әйелдерімізде «тұрмыс құрған не тұрмыс құрмаған» ,- деп көрсетілуі керек. Бізде,кейде  үйленбеген» ,- делінеді. Тағы да қайталаймын : -Сауатты толтырыңыз,  түйіндемеңіз, сіздің айнаңыз.

- Өзіңіз туралы жазғанда асыра сілтемеңіз.  Нақтылықты жазыңыз. Егер ұйымдастыру қабілетіңіз, жаңашылдыққа құмарлығыңыз, жауапкершіліктілігіңіз болса жасырмай, міндетті түрде жазыңыз. Бұл қасиеттер жұмыста деңгейіңіздің көтерілуіне үлкен ықпалын тигізеді.

- электронды  поштаңызды көрсетуді ұмытпаңыз.  Түйіндеме – айнаңыз болса, электронды поштаңыз - құжатыңыз болып табылады.

 Келесі саты қабылданудан өту:

- Киген киіміңіз бен сөйлеген сөзіңіз жарасымды болсын. Халқымыз: - киіміне қарап қарсы ал, ақылына қарап шығарып сал,- дейді.

- Өзіңіздегі « мен бәрін білемін» деген аффирмацияны санаңыздан өшіріңіз. «Мен бәрін білеміннің» орнына « мен барлығын тез меңгеремін» десеңіз дұрысырақ.

-  Жасандылық  қасиетін мүлдем қолданбаңыз. Тайға таңба басқандай байқалып қалады.

- Бастығыңыздан өзіңізді ақылдымын деп көрсе тпеңіз. Ондай ойыңыз санаңызда ғана болғаны дұрыс. Неге екені, айтпай-ақ белгілі шығар.

- Қандай істе болсын адал болыңыз. Өйткені, - аққа құдай жақ.

 


Beeline абонементтері үшін сіз біле бермейтін мәліметтер
Ағылшын тілін жетік меңгеруіңіз үшін керекті кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу