Кірпік бояудың сырлары

Oinet.kz 02-01-2021 1045

кірпік.jpg

- Ұзын кірпіктері бұралып, қарайып тұрған арулардың сұлулығы көздің жауын алады. Көзді тушьпен бояу күнделікті ісіңізге айналса, мына кеңестерге құлақ түргеніңіз жөн болар.

- Кірпіктеріңізді ұзартып, көлемді етіп көрсеткіңіз келсе, оны түбінен щетканы оң-солға жылжытып отырып бояңыз.

Содан кейін кірпікті түбінен ұшына бағыттап бояңыз. Ұштарының соңына дейін боялғаны маңызды.

- Көзіңізді жұмып, кірпіктеріңізді щеткамен "тарап" шығыңыз. Кірпікте қалған тушьтің керек емес бөліктері мен түйіршіктерді осылайша алып тастайсыз.

- Кірпігіңіз ерекше ұзын көрінгенін қаласаңыз, басында тек ұштарын бояп қойыңыз. Кепкеннен кейін кірпікті түбінен ұшына дейін бір бояңыз.

- Кірпікке арналған тарақты қолданып үйреніңіз. Кәсіпқой визажистер сондай тарақтарды ылғи қолданады екен. Оның арқасында тушь бірқалыпты жағылып, кірпіктеріңіздің бір-біріне жабыспағанын қадағалайды. Тушьті кірпігіңіздің түбіне жағып, тарақпен кірпіктің ұштарына дейін жағыңыз.

- Түрлі-түсті тушьті қолданып көріңіз. Қара тушь - әр қыздың сөмкесінде бар екені бәріне мәлім, қара түс бәріне жарасатыны да рас, мейкаптың барлық түріне келеді. Сонда да қара тушь кей жағдайларда тым артық көрінеді. Сондықтан, күнделікті макияж үшін қоңыр не сұр тушьті қолданғаныңыз абзал. Ал қара тушьті кешкі отырыстарға қалдырыңыз.

Безеуден құтылудың ең оңай тәсілі
Бас ауруын қойдыратын әдістер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу