Фейк ақпарат сізге қалай әсер етеді?
31-03-2022
Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ричард Фейнман кез келген тақырыпты (пән) тез әрі терең түсінудің алгоритмін ойлап тапты. Бұл алгоритм үш қадамнан тұрады.
1-қадам. Балаға үйретіңіз
Ақ қағаз алып, бұл тақырып бойынша нені меңгергіңіз келетінін жазыңыз. Содан кейін балаға түсіндіретініңізді есіңізге ұстап, осы сала бойынша осы күнге дейін не білгеніңізді жазып шығыңыз (бала түсінетін тілде). Адамдардың көбі айтып тұрған ойын өзі толық түсінбеген жағдайда қиын сөздер мен профессиясына байланысты терминдерді айтып кетеді. Сіз ойыңызды кішкентай бала түсінетіндей етіп қарапайым сөздермен жазғанда, тақырыпты тереңірек ұғынуға әрекет жасайсыз. Осылай идеяңызды аяқтағанға дейін тақырыптың қай жерін түсінбегеніңізді анықтай аласыз. Бұл білім алу жолындағы мүмкіндікті көрсетіп тұр.
2-қадам. Қайталаңыз
Алғашқы қадамда сіз қаншалықты білімді екеніңізді анықтап, қай жерде ақсап жатқаныңызды көресіз. Мүмкін сіз бір жерде өте маңызды ақпаратты ұмытып немесе түсіндіруге қиналған шығарсыз. Осы жерден білім алу басталады. Кемшілігіңізді білген соң, тақырыпты қайталап оқыңыз. Сол оқығаныңызды қарапайым тілде, ешқандай терминсіз түсіндіре алғанға дейін қайталап оқи беріңіз.
3-қадам. Үйлестіру арқылы тақырыпты оңайлатыңыз
Енді сіздің идеяңыз қолжазба күйінде қолыңызда тұр. Жазылған материалды қайта қарап, профессияға байланысты терминдерді мүлдем қолданбағаныңызды тексеріңіз. Содан кейін жазған мәтініңізден кішігірім әңгіме құрастырыңыз. Оны ауызша өзіңізге айтып беріңіз. Егер түсіндіруіңіз қарапайым болмай, біртүрлі естілсе, сізге бұл тақырыпты қайта қарау керек.
4-қадам. Бөлісіңіз (міндетті емес)
Егер өзіңізге одан да сенімді болғыңыз келсе, осы ақпаратты біреуге айтып беріңіз. (Ол сегіз жастағы бала болса тіпті жақсы)
Кез келген тақырыпты түсінгеніңізді тексерудің амалы – оны біреуге түсіндіру.
(фото ашық дереккөзден алынды)