Жылқы иісі...
04-11-2023
Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз.
Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз.
Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады.
Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз.
Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек.
Алтын əшекейіңізді тазалай алмай жүрсіз бе? Ыдыс жуатын сұйықтыққа салып 15 минутқа қою керек. Сосын жұмсақ шүберекпен сүртіп аласыз.
Жаңа джинсиіңіздің өңін бермегенін қалайсыз ба? Тұзды суға салып қойыңыз.
Күрішті қайнатып жатқан суға, 1 ас қасық сірке суын құйсаңыз - аппақ əрі езілмей піседі.
Күріштің аппақ жəне езілмеу үшін оны қайнап тұрған тұздалған суға сала отырып, бірнеше тамшы лимон шырынын немесе суда ерітіп алынған лимон қышқылын қосыңыз.
Ашылған қызанақ пастасын сақтау үшін, қақпағына құрғақ қышаны салу керек.
Қызылша 3 - 3,5 сағат қайнайды. Оны тез қайнату үшін 1 сағат қайнатып, сосын оттан алып, 10 минутқа салқын ағын суға қою керек. Қызылшамыз дап - дайын.
Егер сіз жас балғын екеніне күдіктенген болсаңыз, шамамен 10 см сыйымдылықта су құйыңыз да, жұмыртқаны салыңыз. Балғын жұмыртқа жатып қалады. Ал жұмыртқанының бір жағы көтерілсе оларды бірінші пайдалану қажет.
Кофені қатты қайнатуға болмайды. Дəмі жəне хош иісі жойылады. Егер сіз қатты қайнатып алсаңыз, тез арада кофе қайнатқышты оттан алып, бірнеше тамшы суық су құйыңыз.