Көп кітап оқу үшін не істеу керек?

Oinet.kz 14-08-2020 1267

Абай философиясында «толық адам» ілімі жиі кездеседі. Толық адам – адамгершілік, имандылық, ізгілікке жұп адам.  Ең әрісі мінез де оқу арқылы игеріліп,  әдеп қалыптасады.  Назарларыңызға оқу өнімділігін артыратын материал ұсынғымыз келеді. "Оқу өнері" кітабының авторы Дэймонг Янгтың пайдалы кеңестерін кәдеңізге жаратыңыз!

image.png

Қиялыңызды алуан түске бояңыз!

image.png

Асты тәніңізді нәрлендіру үшін ішесіз. Кітапты да руханияттың азығы деп ұғыңыз. Күнде бір асты ішпегендей, оқып жүрген жанрыңызды өзгертіп отырыңыз. Бір нәрсені тұрақты оқымаңыз. Тек қазақ тілімен шектелмей орысша, ағылшынша, өзіңіз қалаған тілде судыратып кітап оқи алатындай деңгейге жетуге ұмтылыңыз. Бос уақыт үшін өмір қысқа. Сізден кейінгі буынға сақталмақ үшін, өзіңізге дейінгі буынның үнін тыңдап үйреніңіз! 

Сезімді сезініз!

image.png

Көркем шығармалар бастапқыда ішпыстырарлық сезім тудырады. Тілі күрделі, сююжет тым баяу. Мұндай кітаптар көбінесе адамның сезімі мен күйінің ең тірі портретін салады.  Кітапты қанша мөлшерде оқыған емес, қаншалықты амал етер жақсы таным қалыптастыра білу – мұқым. Бір ғұмырға бір кітап мол азық болады. Бірақ ол кітапты табу үшін 1000 кітап оқыады. 

Азат болыңыз!

image.png

Әуелі автор жайлы мәліметке қанық болыңыз. Кітап тұшымды деп тапсаңыз, бастапқы 50 бетті оқып көріңіз. Ұнамаса, тарс жабуыңызға болады.  Күніге елу бет оқуды ауырсынсаңыз, бір күні ерінбей 100 бет оқыңыз. Сонда сізге 50 бет оңай болып, жеңіл қабылданады.  «Помодоро» техникасы арқылы 25 минут мәтінді қаламмен жылжытып оқыңыз. Межелі уақыттан соң, қысылмай дем алыңыз!

Қызықты элементтерді өмірде іске асырыңыз!

image.png

Кітаптан түйген ойды түртіп алыңыз. Ол сіздің шебер сөйлеуіңізе негіз болуы ықтимал.  Оқу тек тұлғалық даму үшін емес, пайдалы болу үшін де қажет. Өзіңізбен жақсы сұхбаттас досыңызға кітаптан түйген ойыңызды айта жүріңіз. Әлеуметтік желіде ойыңызды пост қып жазсаңыз, көп оқуға мотивация болады!

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Жеңіл босанудың сіз білмейтін жолдары
Ең пайдалы сусындар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу