Сірке суының (уксус) біз білмейтін пайдасы

Oinet.kz 30-03-2020 4422

Бүгінде сірке суын тек аспаздық мақсатта қолданылмайды. Қыстық азық болатын көкөністер мен саңырауқұлақтарды сірке суының көмегімен жауамыз. Сонымен бірге балық, ет өнімдерін концервілеу кезінде де сірке суын қолданамыз. Сірке суының үй жағдайында тигізетін пайдасы көп екенін бірі білсе, бірі білмейді. Ендеше, осы материалда сол жайлы айта кетейік.

unnamed.jpg

1. Терезеге шыбындар қонбауы үшін оның жақтауына сірке суын жағып қойыңыз. Ендігі қонбайтын болады. Терезе жарқырап тұрады.

2. Айна мен терезе қатты ластанған болса оны жылы суға қосылған сірке суы әп-сәтте кетіреді.

3. Жиһаздар, есік, терезе және басқа да үйдегі заттар майланып, кір болған кезде 0,8-1 % сірке суы тазалау арқылы, оларды жарқыратасыз.

4. Ванна мен рокавинадағы сары дақтарды қалай кетіруді ойлап жүрген болсаңыз, онда сізге сірке суы көмекке келеді. Сірке суына аздаған тұзды қосып, қыздырып алған соң оларды жақсылап жуып тастау қажет.

5. Үтіктегі қатып қалған сары дақтарды сірке суына батырылған шүберекпен тазалай аласыз. Сірке суына  мүсәтір (нашатырный) спиртін қоссаңызда болады.

6. Күнделікті қолданатын ыдыстардың таза жарқырап тұрғанын бәріміз қалаймыз. Сол себепті де сіз ыдыстарды 10 г сірке суы, 30 г тұз қосылған жылы сумен жуып тұрыңыз. Сосын құрғақ сүлгімен сүртіңіз.

7. Кішкентай балалар айна мен терезелерге түрлі-түсті краскалармен сурет салып тастайды. Мұндай кезде балаға ұрсуға болмайды. Баланың ойлау қиялыңа кедергі келтіруіміз мүмкін. Ал боялған айна мен терезені ыстық сірке суы лезде кетіреді.

8. Шәйнектердегі қатып қалған қақтарды сірке суы мен ас содасы кетіреді. Ол үшін шәйнекке су құйып қайнатып аламыз. Қайнаған суға ас содасын (1 литр суға 70 г) қосып, жарты сағат қайнатамыз. Сосын шәйнекке салқын су құйып, сірке суын (1 литр суға 25 г) қосып, 20 минут қайнатамыз. Кейін шәйнекті мұқият сумен жуу қажет. 

9. Ыдыстар мен металл қораптардағы жағымсыз иістерді сірке суымен жуу арқылы кетірсе болады.

10. Терезе жақтауын боямас бұрын терезе тақталарына сірке суын жағып қойсаңыз бояу жұқпайтын болады.

Белизнаның пайдасы мен зияны
Имбирьдің коронавирусқа қарсы пайдасы бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу