Көз асты ісінуі. Себептері

Oinet.kz 29-01-2020 18553

Ісіну - көп әйелдердің жиі проблемасының бірі. Бірақ ісік те әр түрлі болады - беттің, аяқтың, дененің. Сонымен қатар олардың пайда болу себебі де әр түрлі.

көздің ісінуі.jpg

Себептері:

Ағазаға тұздың шамадан тыс көп түсуі. Өзіңізде ісік пайда болғанын білсеңіз, бірінші кезекте тамақ рационыңыздан тұзды азайту керексіз. Тұзды азайту арқылы тінде су ұсталуы азайып, ісік кетеді.

Ағзаның сусыздануы - мүмкін сіз суды өте аз мөлшерде ішетін шығарсыз. Ағзаңыз суды аз ішетініңізге үйреніп, қайта су түспей қалар деп, суды тіндерде сақтап тұрады, бұл да ісік ретінде көрініс береді.

Қалқанша безі ауруы (гипотиреоз)

Қалқанша безінің қызметі жеткіліксіздігі денедегі ауқымды ісікке алып келуі мүмкін. Оны білу үшін ТТг, т4 гормондарына анализ тапсырасыз.

Жүрек ауруы (жүрек жеткіліксіздігі)

Мұндай ісінулер жүректің біршама ауыр ауруларында кездеседі. Көбінесе ісік кешкі уақытта, аяқта пайда болады, үстін басқанда қатты болады, із қалады.

Бұндай науқастар міндетті түрде кардиологқа бару керек және толыққанды тексеруден өту керек.

Бүйрек аурулары (бүйрек жеткіліксіздігі) бұл ісіктің ерекшелігі таңғы уақытта, бетте пайда болады. Гломерулонефрит, интерстициальды нефрит және т.б бүйрек ауруларында кездеседі.

Мұндай ісікте нефролог маманға қаралып, толық анализдер тапсырасыз (креатинин, мочевина, белок, УДЗ, ЖЗА)

Созылмалы венозды жеткіліксіздік (варикоз) ісіну кешке қарай аяқта пайда болады. Айқын варикозды кеңеюлер көзге көрініп тұрады.

Қантамыр xирургына қараласыз, венотоник, компрессионды шұлықтар кию арқылы емделесіз, ауыр жағдайда ота арқылы.

Сонымен қатар ең жиі кездесетіні көздің асты ісіп тұруы. Бұл міндетті түрде осы аурулардан деген сөз емес. Көз айналасындағы тері асты май қабаты өте нәзік және суды тез сіңіргіш болады. Бұл бірінші факт.

Сонымен көз асты ісіп тұруының мынадай себептері бар:

- Генетика - тұқымқуалаушылық (ауру емес)

- Ұйқының жеткіліксіздігі тіндерде оттегі жеткіліксіздігіне әкеледі, сол кезде көз астына венозды қан жиналады, ол ісікке әкеледі.

- Көп ұйықтау - көп уақыт жатқан қалып та көз астына судың жиналуына, ісікке әкеледі.

- Көз айналасына күтімнің дұрыс жасалмауы. Крем ұйықтаудан 1-2 сағат

Көз асты қараюының себептері
Ас үйде уақыт үнемдеудің 5 құпиясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу