Банк несие беруден неге бас тартады?

Oinet.kz 09-12-2019 2831

Қазір кез-келген банктің клиенті жиі қоятын сұрақ – «Маған кредит беруден неге бас тартты?». 

Шындығы сол бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Парадокс, алайда жоғары жалақы мен жақсы кредит тарихы да әрқашан кредит алуға кепілдік бола алмайды.

несие.jpg

Бұл сұраққа жауап алу үшін біз стратегиялық бағыттарының бірі  кредиттендіруге жауапкершілікпен қарайтын Банк Хоум Кредиттің сарапшыларына хабарластық.

«Иә, бұл сұрақты Банктерге жиі қоятыны шындық»,  — дейді «Банк Хоум Кредиттің» қоғаммен байланыс қызметі.

Сонымен біз кредит беруден бас тартуға 6 негізгі себепті айтамыз.

Нашар кредит тарихы.

Банкке клиенттің тәртібін білу маңызды: ағымдағы кредит бойынша мерзімі өткен берешектің болуы тіпті банктік емес (төленбеген айыппұл, алимент бойынша қарыз) қарыздың өзі кредит беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін.

Біздің кеңес – кредит тарихыңызды тексеріңіз және қарызыңыз жоғына көз жеткізіңіз.

Зейнетақы салымының болмауы.

Олардың жеткіліксіз көлемде болуы сіздің кірісіңіздің тұрақты емес деген күдікке іліктіруі мүмкін.

Өзіңіз туралы толық емес ақпарат.

Кредитке өтінім берген кезде әрқашан толық, шынайы ақпаратты көрсетіңіз, кішкентай қатенің өзі алаяқтық әрекеті деп саналуы мүмкін.

Банк талабына сай болмау.

Банк қызметі мен өзіңіз таңдаған кредит шарттарымен мұқият танысыңыз. Мүмкін сіз кейбір талапқа сай емес шығарсыз. Мысалы: жас бойынша. Әдетте заем алушының жасы 21 жастан төмен, 63 жастан жоғары болмауы керек. Банк Хоум Кредиттте жастың шегі – 75 жас.

Өтінім сомасының жоғары болуы.

Сіздің кредиттеріңіз бойынша жалпы төлем сомасы айлық табысыңыздың 50-60% аспауы керек. Егер айлық  төлем қаржылық мүмкіндіктеріңізге сай емес көлемде кредит сұрасаңыз, сізге кредит беруден бас тартуы мүмкін.

Скоринг нәтижесі бойынша баллдың төмен болуы.

Әр банкте заем алушының төлем қабілетін бағалайтын «скоринг» деп аталатын  өз механизмі қолданылады.  Ол толықтай автоматтандырылған, демек тексеру нәтижесіне банк қызметкерлері мүлдем әсер ете алмайды деген сөз. Сондықтан, сізге бірінші ретте кредит беруден бас тартса, мұңаюдың қажеті жоқ, бір айдан кейін қайта өтінім беріңіз.

Кез-келген жағдайда кредит алу мен оған қызмет көрсетуге жауапкершілікпен қарау керегін ескертеміз. Өйткені нашар кредиттік тарих болашақта кредит рәсімдеу кезінде кері әсер етуі мүмкін.

дереккөз: 7kun.kz

Ұлу терапиясы
Улы жәндіктерден қалай қорғануға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу