Сыздауықты қайтарудың халық емі

Oinet.kz 14-10-2019 6881

furuncle-min-345x245.jpg

Сыздауықты қайтару үшін алдмен оның қалай пайда болғанын анықтап алу қажет. Әдетте, сыздауықтың қоздырғышы - стафилококк. Стафилокококтар адам денесінің бетінде қалыпты өмір сүретін микрофлора болып табылатыны және стафилококтардың жалпы санынан бактериялардың тек 10%-і ғана патогенді болып табылатыны дәлелденген. 

Сыздауық әсіресе тері қабаттарының ластануы, жұқтыру немесе иммундық жүйе жұмысының нашарлауы салдарынан пайда болуы мүмкін. Кейде адам ағзасы қатт суықтағанда да сыздауық белгілері пайда болып жатады.

Сыздауық терінің кез келген аймағында пайда болуы мүмкін. Жиі қабыну ошақтарының пайда болуы мойын, бет, шап және қолтық ойпаттары,  жамбас, кеуде және бел сияқты ластану аймақтарында байқалады.

Сыздауық даму кезеңі 3 сатыдан тұрады, олар инфильтрация, іріңдеу( некроз) және жазылуы. Бұл патологиялық процестің ұзақтығы 10 күннен аспайды.

Дәрігер қалай емдейді?

Дәрігерге сыздауықпен барсаңыз, ол алдымен сыздауықтың бетін медициналық алмазбен тіліп, іріңін шығарады да, оның жазылуы үшін сізге біршама профилактика жазып береді.

Үй жағдайында қалай емдеуге болады?

  • Сыздауық бетіне қарапайым кір сабынын бір түнге матамен таңып қойыңыз. Ол түні бойы іріңін сіңіріп, сыздауық шыққан тері қабатын сыздатуы мүмкін. 

  • Қара бидай нанды жақсылап тұздап, оны ұзақ уақыт езіңіз. Бұдан әрі дайын болған нан қиқымын сыздауыққа таңып қойыңыз.

  • Сыздауықтың іріңін алу үшін, бетіне алоэ жапырағын кесіп, сулы жағын таңып қоюға да болады.

Есіңізде сақтаңыз, сыздауық шыққан теріні қолмен ашуға немесе зақымдауға, тырнауға мүлде болмайды, ол сыздауықты ушықтырып жіберуі мүмкін.

Арықтағыңыз келсе - көп ұйықтаңыз
Көңіл айту. Не айтпау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу