Созақта 4 жоба жүзеге аспақ

Oinet.kz 24-12-2024 58

Түркістан облысында индустрияның дамуы қарқын алуда. Әсіресе өңірдің Теріскейінде жүзеге асып жатқан жобалардың саны артып келеді. Сала мамандарының айтунша  Созақ ауданындағы индустриалды аймақта ағымдағы жылы жалпы құны 365 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асады. Олар: жобалық құны 50 млн. АҚШ долларды құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электр стансасын салу жобасы,  құны 15 млн. АҚШ долларлық «Стандарт Угле Хим» ЖШС-нің Таскөмірсай кенінің көмірін қайта өңдеу жобасы, сондай-ақ жалпы құны  200 млн. АҚШ долларды құрайтын «Созақ фосфат» ЖШС-нің фосфор өңдеу зауытының жобасы және құны  100 млн. АҚШ долларлық «Созақ Каус» ЖШС-нің өткір сода (каустическая сода) шығару жобасын іске асыру жоспарлануда.

Бұдан өзге, ауданда биыл 4 мектептің құрылысы басталады. Атап айтқанда, Шолаққорған ауылындағы қос 300 орындық А.Сүлейменов атындағы және Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп, сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы мектеп пен қазандық құрылысы. Сонымен қатар, Ақсүмбе елді мекеніндегі С.Қожанов атындағы орта мектеп, Шолаққорған ауылындағы «Жастар» орталығы ғимараты мен С.Қожанов атындағы мұражай ғимараты құрылысы жүреді. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Шолаққорған мен Созақ ауылынан қос 2 қабатты 10 пәтерлі әлеуметтік қызметкерлерге арналған тұрғын үйлердің құрылысы жүруде. Жауаптылар құрылыс жұмыстарын дер кезінде аяқтауға уәде берді.


Шардара 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылады
IT-мамандар Түркістанның келешегін талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу