Бос жерді мәуелі баққа айналдырған компания
Сайрам ауданы – ауылшаруашылығы дамыған аграрлы аймақ саналады. Ауданның топырағы мен климаты ауылшарушылық өнімдерін егуге қолайлы өңір. Шыбық ексең шынар өсіп шығады. Сондықтан жергілікті шаруалар дәнді дақылдардан бастап, бүгінде түрлі жеміс-жидектер, көкөністерді егіп, республмка деңгейінде таза, табиғи өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Соңғы жылдары аудан агрономдары мен кәсіпкерлері тропикалық цитрусты жемістерді де жерсіндіріп, өнім алуда. Лимон мен банан сайрамдықтан үшін таңсық емес. Ал жемістердің ішіндегі ең сұранысқа ие, танымалы әрі көпшіліктің сүйікті жемісі ол әрине алма. Алма жемісі Қазақстанның барлық өңірінде өседі. Алайда Сайрамдық кәсіпкер еуропалық алма сорттарын егіп, жерсіндіріп бүгінде үлкен көлемде өнім алып отыр. Ия Сайрамдағы алып алма бақ туралы естуіңіз бар шығар. Әйтеке би ауылында орналасқан «Dala Fruit» компаниясы бүгінде аудан, облыстың ғана емес республиканың мақтанышына айналып отырған компания.
Алма бау 2013 жылы құрылған. Алғашқы аумағы 6 гектардан құралған баудың аумағы қазіргі таңда 135 гектарды құрайды. Ойлы-қырлы бос жатқан жердің үлкен алма бауына қалай айналды? Бұл туралы «Dala Fruit» компаниясының өндірістік директоры Сапарбек Ержігітов былай деп баяндады:
«Жалпы қарқынды алма бау егіп, алма өсіріп, оны одан әрі терең өңдеу сол кездегі облыс әкімінің орынбасары, қазіргі Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Болатбек Нәжмеддинұлының бастамасы болатын. Ол кісі сен осы саланың маманысың менде осындай жоба бар. Сол жобаны үйлестіріп, жүргізсең қайтеді деп ұсыныс тастады. Мен осы кәсіпке дейін мемлекеттік қызметте талай жерде істедім. Ауыл әкімінен бастап, аудан, облыс әкімдігінде бөлім басшысы болдым. Орта мектепті Жетісай қаласында 1979 жылы бітіріп, 79-84 жылдары ауылшаруашылығы институында білім алдым. Ауылшаруашылығы мамандығын алғаннан кейін ауылшаруашылық басқармасында да қызмет жасадым. Ойлана келе ұсынысты қабыл алдым. Сөйтіп 2012 жылы іске кірістік. Алдымен Еуропа мемлекттерін аралап, бауларды көріп, шетелдік түрлі жәрмеңкелерге қатысып, тәжірибесімен, көшеттердің шығу тарихымен танысып шықтық. Сөйтіп өз жобамызды ойластыра бастадық. Жердің топырағынан бастап, бауға қажетті заттарға дейін зерттедік. Қосымша жабдықтарды елімізден таба аламыз ба, нені шетелден аламыз дегендей және алманы өсіруден астап оны сақтау, тасымалдау, өңдеу секілді процестердің барлығын жоспарладық. 2012 жылы алма бауға қолайлы жер іздестіре келе Сайрам ауданы Әйтеке би ауылының маңындағы бос, игерілмей жатқан, мал жайылып жүрген жерді таңдадық. Кешегі тоқырау заманында Ақсу өзенінен келетін арық бітеліп қалыпты. Арық бойына құрылыстар да салынып кеткен. Осы жерді игереміз деген ниетпен пай үлесін алған азаматтармен келістік. Бұл бауды егу үшін жердің барлығы тегістелген. Ой, шұңқыр болып жатқан. Түрлі техниканы алып келіп 3 айдай жерді тегістеп, қажетті тыңайтқыштарды сепкенбіз. Осыдан кейін барып қана жеміс өсіруге дайын болды. Суды төменнен насоспен аламыз. 16 метрдей тереңдікте арық бар. Бізде ағысып суғаратын су жоқ. Сол себепті суды үнемдеу үшін тамшылау жүйесін қолданамыз. Бауда суды жинақтайтын арнайы бассейн бар. Ағашқа берілетін тыңайтқыштар қондырғылар арқылы жіберіледі. Алғашқыда 2013 жылы 6 алма егуді гектар жерден бастадық. Ол кезде ауылшаруашылығын дамыту жөнінде республикада үлкен бағдарлама қабылданды. Сол бағдарламаға сәйкес ауылшаруашылығын егістікке айналдырған азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 2013 жылыдың көктемінде осы жердің барлығын зерттеп, мониторинг жүргізіп, қай жақтан су, электр қуатын алатынымызды талқылап, шештік. Алғашқы көшеттерімізді Италиядан әкелдік. Көшеттер аласа бойлы. Оны тамшылатып суару жүйесімен суарамыз. Бұл тамшылатын суару қондырғылары Израильдің технологиясы. Ол жақтың да мамандарын жұмылдыра отырып, сол жерді игеруге кірісіп кеттік. Міне, бүгінде осы маңның өзінде 130-дан астам гектар бау бар. Бұл осы төңіректе тұратын ауыл тұрғынларына өте үлкен оттегі. Бұл осы ауыл-аймақтың, ауданның өкпесі десек те болады. Сонымен қатар ауылдағы ағайынның жұмыспен қамтылуына сеп болды. Көгалдандыру, тазалық мәселесі реттеліп қалды»,- дейді Сапарбек Ержігітов.
Сапарбек Ержігітов алма өсіретін адам ауыл шаруашылығы маманы болмаса да жердің қадірін түсінуге тиіс деп есептейді. Оның сөзінше, топырақтың құрамын анықтайтын түрлі зертханалар жерге алманы өсіруге болатынынне болмайтынын зерттеп, анықтап береді.
“Суғару жүйесін де білгені дұрыс. Су қайдан келеді, құрамы қандай? Оны да зерттеу керек. Басты нәрсе – құнарлы топырақ пен су. Ауа райы ыстық болса алманың дәмі тәтті болады, себебі күн сәулесі алмаға дәм, түс, көлем береді. Жемістің үлкен болуына су мен минералды тыңайтқыштар да әсер етеді. Егер бір элемент жетпесе, онда алмаға және оның жапырағына талдау жасалады. Жерге де талдау жасалып, тыңайтқыш себіледі”, – деді ол.
Қарқынды бауларды дамытудың негізгі мақсатының 4 қағидасы бар. Біріншісі: көлемі кішкентай жерден мол өнім алу, екіншіден суды үнмедеу технологиясын қолдану. Міне, аудандағы бірегей қарқынды бау бүгінде мол өнім алып әрі суды үнемдеп отыр. «Алғашқы кезде тамшылатып суару үшін шетелдік комапниямен бірге жұмыс істедік. Кейінгі бауларда Қазақстан Израиль біріккен компаниясының мамандарын жұмылдырдық. Яғни отандық қызмет жасайтын мекемені тарттық. Кейінгі жылдары түрік, Голландия көшеттер әкеліп осында жерсіндірдік. Біртіндеп ұлғайттық. Бұл алманың сорты бойлары аласа болғандықтан бұтақтары әлсіздеу келеді. Осыны ескеріп ағаштарға бетоннан тіректер орнаттық. Ол бетон тіректер отандық өнімдер. Сондай-ақ баудың үстінде ыстықтан, бұршақтан қорғайтын тор тартылған. Ол тор көктемде, жазда жайылады. Күз, қыста жиналады. Бұл да отандық өнім»,- дейді компания өкілі.
Талдардың жүйек аралығы 4 метр, ал талдардың реттік аралығы 1 метрден орналастырылған. Яғни техниканың жүруіне ыңғайлы етіп егілген. Бір гектарда 2,5 мың көшет бар. Бізде алманың негізгі 5 сорты өсіріледі – гренни, голден, фуджи, айдаред, джонаголд. Одан бөлек, пинк леди, ред чиф, скарлет супер, брэбурн, ред делишес те бар. Алма ағаштары тамшылатып суғарылады. Бұл жүйе суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Көпшілік алманы сары алма, көк, қызыл алма деп ажыратады. Сол сары алманы бұрын «золотой привосход» деп атайтынбыз. Бұл сорт біздің өңірге жерсінген, жоғары көлемде өнім береді. Оны жергілікті тұрғындар да, Ресей, көрші мемлекеттер де өте жақсы тұтынады. Сүйіп жейді дәмі де жақсы. Қазір мұны «голден делишез» деп атайды. Одан бөлек көк алма – гренни, кейін қызыл алма – айдаредті екенбіз. Жалпы дүние жүзі бойынша алманың сорттары өте көп. Солардың ішінде біздің жерге жерсінетіні осы сорттар»,- дейді компаниясының өндірістік директоры.
Барлық кәсіп тәжірибе арқылы шыңдалатыны белгілі. Шаруалар мұнда алғашқы 6 гектер жерге алманың 13 түрлі сортын әкеп, еккен көрінеді. Содан бес, алтауы ғана жерсініп, өнім беріпті. Соның бірі пинк леди сорты. Еуропадан әкелінген. Бұл алмалар сақтауға, тасымалдауға өте қолайлы көрінеді. Алма бауда қазіргі таңда алмадан бөлек қара өрік пен шие де егілген. Қара өріктер де жемісін беріп, жыл сайын еліміздің нарығына шығарылып жүр.
Бауды суаруға арналған бассейн де бар мұнда. Су қондырғылары арқылы тамырларына бірден тыңайтқыштар жіберіледі. Бұл бассейн арқылы 45 га жер суғарылады.
Алманы егу, өсіру, жинау бір бөлек, ал оны сақтау бір бөлек дүние. Жоғарыда атап өткеніміздей компания басшылығы жобаны қолға алған кезде оны сақтау және терең өңдеу мәселесін де жолға қойған. Өнімдерді сақтау үшін бау маңында үлкен қойма салынған. Компанияның өнім сақтау қоймасы - Қазақстандағы жалғыз қойма. Мұнда өнімдерді 12 айға дейін сақтауға мүмкіндік бар.
Бұл - жеміс-жидекті сақтау қоймасы. Қойма екі этаптан құралған. Сондай-ақ алдын ала салқындатып, газ реттеп сақтайтын камералармен жабдықталған. Яғни мұнда ішіндегі ауаны реттейтін қондырғылар орналастырылған. -20С-қа дейін сақтайтын камералар да бар.
«Бұл қойма еліміз ғана емес Орта Азиядағы үлкен қойма болып саналады. Біздің қойманың бір ерекшелігі газ реттегіші бар. Ол «Фрут контрль» деген Италия компаниясының өнімі. Аталған қондырғы өнімдерді ұзағырақ сақтауға мүмкіндік жасайды. Қойманы салған кезде өзімізге есептеп салғанбыз. Алайда кейде жергілікті шаруалардан өнімдерін сақтауға ұсыныстарын жеткізіп жатады. Әрине біз қарсы емеспіз. Оған қойманың мүмкіндігі жетеді. Бірақ кәсіпкерлердің қалтасы қағылады. Осы ретте менің бір ұсынысым бар. Көпшілік шаруалар өнімдерін сақтау мәселесін шеше алмай жүр. Егер мемлекет өнімдерді қоймада сақтау мәселесіне кәсіпкерлерге қолдау білдірсе нұр үстіне нұр болар еді. Яғни мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер немесе жеңілдетілген несиелер берілсе біз бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз. Мұндай жеңілдіктер қарастырылып жатса өзге кәсіпкерлерге тиімді болар еді»,- дейді Сапарбек Ержігітов.
Жайқалған бау, уаылжып пісіп тұрған алманы жинаудың өзі үлкен шаруа әрі қызықты процесс. Ал тонналаған алманы сұрыптау, одан да қиын іс. Бұл процесті қолмен жасау өте үлкен күшті, еңбекті әрі уақытты алады. Сондықтан бұл шаруаның барлығын мұнда автоматтандырылған қондырғы жасайды. Алманы сұрыптауға арналған аппарат сағатына 6 тонна сұрыптайды. Бұл құрылғының өндірушісі – Италия. Бұл аппарат алманы түс және калибр бойынша бөледі. Соның арқасында әр қорапта біркелкі алма жиналады. Сондай-ақ салмақтары да калибріне байланысты бірдей болып келеді. Алма аппаратқа су арқылы түседі. Нәтижесінде алма ұрылмайды. Осылайша алма тұтынушылар әдемі, бүтін әрі балғын күйінде жетеді.
Компанияда мониторинг жасайтын жүйе орнатылған. Бұл жерде әр камераның, корридордың температурасы бақыланып отырады. Одан бөлек, сұрыптау бөлімінің де температурасы бақылауда. Қажет кезде 10-15С-қа дейін төмендетіледі. Мысалы, алманың температурасы алдын ала сақтау қоймасына түседі. 13 камерада алманың температурасы 1,5С болып тұр. Яғни ол сақтау температурасына жеткен. Бұл камерада реттелетін газ ортасы (РГО) жүйесі қосылып тұр. Қазір оттегінің пайызы 2,74-ті құрайды. Температура әр алманың сортына байланысты өзгереді. Дегенмен өзгеріс тек 1-2С-ты ғана құрайды. Алма сорттау аймағында 15С-та ұсталады. Себебі алманы мұздатқыштан шығарған кезде температурасы төмен болады. Егер бірден жоғары температура аймағына кіргізетін болса, онда алма стресс алып, бұзыла бастайды. Сол себепті алдын ала сақтау қоймасында алманың температурасын 35С-тан 5С-қа дейін дейін төмендетеді. Кейін РГО камерада 5С-тан сақтау температурасына дейін түсіреді. Бұл процесс шамамен 1-2 апта бойы жүргізіледі. Бұл құрылғылар «Сбербанктен» алынған қаражатқа сатып алынған. Сондай-ақ қарқынды бау мен заманауи технологиялар осындай қолдаудың арқасында қол жеткізілді.
«Шаруашылықты дамыту үшін «Сбербанктен» АҚ ЕБ 5 млрд теңге несие алдық. Одан бөлек, еккеннен кейін алғашқы жылдары 40 пайыз, кейін 25 пайыз шығынды мемлекет көтереді. Негізі бұл мәселе нақты ережемен реттеледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарқынды баудың қаржыландырылуына қатысты арнайы ережесі бар. Ауыл шаруашылығы кәсібі өте тәуекел бизнес. Себебі кәсіп ауа райымен тікелей байланысты, - деді Сапарбек Ержігітов. Маманның айтуынша, кәсіпорында логистика дамыған. Бірнеше камаз бар. Өнімді тиісті жерге жеткізу үшін жұмыс істейді»,- дейді маман.
«Dala Fruit» компаниясы «Сбербанктің» көмегімен жеміс қоймаларын салып, ауыл шаруашылығы кластеріне қызмет көрсететін инфрақұрылым құра алды (DAF, VOLVO, KRONE маркалы магистральдық автопоездардың 81 жиынтығы сатып алынған).
Жуылып, сұрыпталған алмалар картон қораптарға салынады. Қораптарда компанияның логотипі бейнелеген. Қарқынды бауда ағаштарға түрлі қоректерді беретін қондырғылар мен шөп оратын еуропалық техникалар бар.
«Dala Fruit» компаниясының басты ерекшелігі өздері баптап өсірген жемістерді нарыққа шығарып қана қоймай оларды терең өңдеп, түрлі өнімдер шығарады. Яғни алманың 20-30 пайызы жиын-терім сәтінде ұрылады. Мұндай алмалар түрлі өнім өндіретін цехқа жөнелтіледі. Цехта одан таза, табиғи шырын, тосап, джем секілді дайын өнімдер өндіріледі. «Алғаш осы саланы бастаған кезде алманың 20-30 пайызын терең өңдеу жағын қарастырып жүрдік. Сол кезде Австрия мемлекетіндегі «краус майер» деген компания жеке тапсырмамен жемістерді терең өңдейтін аппарат жасап берді. Бұл қондырғы екінің бірінде жоқ. Тек арнайы тапсырыспен жасалады. Біздегі алма шырыны 100 пайыз табиғи өнімнен жасалады. Ешқандай концентрат қосылмайды. Консентраттан жасалған шырын пен тікелей сығымдалған шырынның айырмашылығы табиғи шырынның ішінде жемістің майда бөлшектері болады. Оны көбісі түсінбей ішінде қоқымы жүр, демек таза емес деп шатасады. Дүкен сөрелерінде самсап тұрған алма шырындарының 90-95 пайызы концентрар қосылған дүниелер. Мұндай ұсыныстар бізге де түскен. Біз табиғи шырын шығара отырып, мұндай төмен дәрежеге түскіміз келмеді. Еуропада, дамыған мемлекеттерде табиғаи өнімдерді жоғары бағалайды. Оны сақтау да қиын, шығару да қиын, сату да қиын. Дегенмен біз осы мәселені қолға алып, бүкіл Қазақстанға өзіміздің баудың алмасынан тікелей сығындалған алма шырынын беріп отырмыз. Жылына 300-400 тоннаға дейін шырын шығаруға қауқарымыз бар»,- дейді Сапарбек Аманқұлұлы.
Компания 2018 жылдан бері шырынды еш қоспасыз, 100% алмадан жасап келеді. Тіпті су қосылмайды. Алманың шырыны тікелей сығылады. Бір бөшкеге үш тоннадай жиналады. Бір тәулік ішінде тұнады. Шырыны пастеризаторға түсіп, 82 градуста қайнатылған соң шүмегі бар үш литрлік асептикалық қалтаға, 0,7 және 0,33 литрлік шыны бөтелкеге құйылады.
Жобаның құны – 2.485 миллион теңге. Жылына 7000 тонна өнім ішкі нарықтан бөлек, көршілес Ресей еліне өткізіледі. Жалпы жер көлемі – 100 гектар.
Бүгінде бұл алма бауының алмасын жеп, шырынын ішіп жүрген түркістандықтар көп. Оның шырынының құрамында табиғи өнімдер көп. Химиялық қоспа аз. Сондықтан да алма шырынын халық тұрақты тұтынады. Алма шырыны қабығымен немесе қабығысыз, целлюлозасы бар немесе жоқ жасалғанына қарамастан, ол әрқашан антиоксиданттарға және қабынуға қарсы қоректік заттарға бай, бұл оны сау етеді. Ересек адамның қанындағы холестериннің қалыпты деңгейі шамамен 2,5 г/л құрайды. Гиперхолестеринемия деп аталатын жоғары холестерин өздігінен ауру емес, бірақ ол жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттыруы мүмкін. Алма пектині ағзадағы холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі. Егеуқұйрықтарға жүргізілген жануарларға жүргізілген зерттеулер егеуқұйрықтар алма пектиніне бай диетаны тұтынғаннан кейін жаман холестерин деңгейі төмендегенін көрсетті және бұл әсер нәжіс арқылы денеден артық холестеринді жоюмен байланысты болды. Алма пектинінен басқа, егеуқұйрықтардың диетасында еритін талшықтар да болды. Ғалымдар тоқ ішектің қатерлі ісігінің алдын алу үшін алманы аптасына екі рет жеуге болады деген қорытындыға келді. Сол зерттеуде эксперименттер пектин мен полифенолдардың ДНҚ-мен байланысты аурулардан қорғаудағы пайдалы әсерін көрсетті. Күніне бір немесе бірнеше алма жеу арқылы да өкпе ісігінің алдын алуға болады. Қызыл алмада, пектинде, тритерпендерде және басқа антиоксиданттарда кездесетін антоцианиндер өкпе мен тоқ ішек ісігінің жасушаларын зақымдайды.
Сырт көзге тып-тыныш жайқалған бау болып көрінгенімен баудағы процес еш тоқтаған емес. Көктем, жаз, күз, қыста да... Ерте көктемде мамандар ағаштың қажетті қорегін беріп, тыңайтқыштарын себеді. Зиякестермен күрес жүргізеді. Жазда жиын-терім науқаны басталса, күзде санақ жүргізу, торларды жинайды. Ал қыста ұйқыға кеткен ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізіледі.
Қазір мұнда тұрақты 50-60 адам жұмыс жасайды. Жиын-термі науқанында 200-300 адам жұмылдырылады. Алмаға сұрыныс жоғары дейді мамандар. Өнімдері Солтүстік, Батыс Қазақстанның тұрғындары көбірек тұтынады. Тіпті кейде алманың отаны Алматы қаласына да жөнелтіп жатады екен.
«Бізді мемлекет қолдап отыр. Көшет егетін кезде субсидия берді. Тыңайтқыштар, түрлі зиянкестерге қолданатын дәрі дәрмектерге де мемлекет тарапынан субсидия беріп отырады. Биылғы жылы Парламент депутаттарының көтерген мәселесінің шешім табуына байланысты ішкі отандық өнім өндірушілерге кедендік мәселелер үлкен жәрдем берді. Жиын терім кезінде уақытша мерзімге де болса сырттан келетін жеміс жидектерді ішке нарыққа кіргізуді уақытша тоқтату мәселесі қолға алынды. Оның өзі біздің шаруалар, диқандар үшін үлкен көмек болды. Біз ала жаздай 9 ай бойы жұмыс жасамыз, ал өткізетін кезде импорттық әбден дәріленген алмалар ішке кіріп кетеді де, сұраныс азаяды. Міне бұл мәселе оң шешімін тапқанына мен қуаныштымыш. Айта кетер тағы бір мәселе бар. Азық-түлік қолданатын мемлекеттік мекемелерге тендер кезінде отандық өнімдерді алуға міндеттесе, отандық кәсіпорындардың тауар өтімділігі жоғарылар еді. Ал біздегі мекемелердің барлғыны алма болсы, басқа да азық-түлік болсын, басым көпшілігін шетелдік компаниялардан сатып алады. Мысалы елімізде не көп мектеп көп, балабақша бар, жұмысшылары көп үлкен компаниялар бар. Міне, осындай мекемелер біздің алманы, тағы бір отандық кәсіпкердің азықтүлігін неге алмасқа?! Бұл біріншіден табиғи өнім алу арқылы балалардың, азаматтардың денсаулығын сақтаймыз, екіншіден салық, басқа да кіріс көздері өз еліиізде қалады. Біз ірі мекемелерді өнімдерімізбен қамтамасыз етуге дайынбыз. Осылайша бір-бірімізді қолдасақ та, экономикамыз, ауылшаруашылымыз, кәсіпкерлігіміз дамиды»,- дейді Сапарбек Аманқұлұлы.
Мамандардың айтуынша көшеттерді 100 пайыз сақтап қалу үшін бір жылдық көшеттер еккен дұрыс. Егер өнімге тез қол жеткіземін десеңіз екі жылдық екен жөн екен. Жалпы алма ағашы егілгеннен кейін алғашқы өнімін 4 жылы береді. Ал күтімі жақсы болса көшет 20-25 жылға дейін жеміс бере береді. Алайда табиғаттың тосын сыйы ешкімді аямайтыны белгілі. Алып алма бауды қолайсыз климаттан, табиғи құбылыстардан сақтау оңай емес.
«Бұл тәуекелге баратын бизнес, өйткені ауыл шаруашылығы адамның өзіне емес, ауа райына, климатқа тікелей тәуелді. Аптап ыстықта су болмаса, қатты жел болса қолданарға шара жоқ. Алма оған төзе алмауы мүмкін. Біздегі аласа бойлы алмалардың тамыры ары кетсе 30-40 см тереңдікте жатады. Сондықтан суыққа аса төзімді деп айта алмаймып. Қабір жылы наурыз айының соңында қатты күн суытып, минусқа жетті. Сол кезде халық тәжірибесіне сүйеніп, көшеттердің айналасын түтеттік. 3 күн бойы күні түні от жағып отырдық. 2022-2023 жылдаржың қысы қатты болды. Сол жылы біраз бағбандар бауынан айырылып та қалды. Сол кезде кейбір сорттарымыз -20 градус аязға төтеп бере алмады. Фуджи деген жапонияның алмасы үсіп қлады. Оның орына қайтадан жаңа көшеттер ектік. Бұл жерде 4 жылды жоғалтасыз. Себебі көшет 4 жылдан кейін жеміс береді»,- дейді компания басшысы.
«Dala Fruit» компаниясы өңірдегі қарқынды бау шаруашылығының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ірі мекеме. Олар тек Сайрамда ғана емес өзге де өңірлерде осы саланың қанат жаюына септігін тигізіп жүрген жайы бар. «Тағы бір компанияның құрылыуына демеуші болдық. Ол - «Turkistan Fruit» компаниясы. Түркістан қаласының әуежайына кетіп бара жатқан жолдың екі жақ бойында 400 гектар бау бар. Қара өрік пен басқа да жемістердің түрлі сорттар ектік. Осы істі қолға алатын кезде «Түркістанның климаты құрғақ, жел тоқтамайды, қыста ұара суық. Сондықтан бұл жерде мұндай жемістер өспейді деп кедергі жасаған азаматар да болды. Дегенмен табандылықпен есебіміздің туралығы мен бауды ектік. Былтыр өнім алып үлгердік. Түркістанда да түрлі жемістердің жерсініп, өсетінін табиғаттың өзі дәлелдеп шықты. Жалпы облыс бойынша 1 миллион көшет егілуіне себепкер болып жүрміз. Снымен қатар бұл саланың дамуына да біршама үлесімзді қостық деп есептеймін»,- дейді Сапарбек Ержігітов.
«Turkistan Fruit» серіктестігі анар және тас жемістерден бақша өсірумен айналысады. Turkistan Fruit компаниясы 2020 жылдың тамыз айында құрылған. Кәсіпорын қызметкерлерінің саны 30-ға жуық адамды құрайды. Жер көлемі – 400 гектар. Айта кетейік, «Turkistan Fruit» компаниясы қара өріктің келесі сорттарын өсіреді: Формоза, Санта Роза, Папаз, Болады, Климакс, Қызыл жүрек. «Turistan Fruit» серіктестігі 220 мың түп қара өрік көшеттерін сатып алып, бау-бақша отырғызды. Өнімділік гектарына 40-50 тоннаны құрайды. «Turistan Fruit» компаниясы израильдік технологияны пайдалана отырып, сорғы станциясын орнатып, бақшаға жерасты тамшылатып суару жүйесін орнатты. Жалпы, қара өрікке сұраныс артып келеді. Себебі оның денсаулыққа пайдасы өте жоғары. Қара өріктің құрамында жасұнық мол болғандықтан іш өткізетін қасиеті бар. Ол ішек-қарын жолдарының қызметін қалыпқа келтіреді. Іш қатып қалса, кешке қара өрікке қайнаған су құйып, таңертең тұнбаны ішу керек; Қара өрік арықтауға көмектеседі. Арықтау үшін күніне оның 5-еуін құрғақ күйінде жеу керек. Біраз уақыттан кейін теріңіздің жақсарып, артық салмақтың азайғанын байқайсыз; Қара өріктің құрамында А дәрумені көп болғандықтан, көзді емдеуде қолданылады; Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін де пайдалы жидектің бірі – қара өрік; Жүрек қызметін жақсартуға және қан қысымы жоғары адамдарға көмектеседі; Ағзаны жасартып, иммунитетті нығайтады; Қара өріктің көмегімен күс пен терінің қажалуын жазуға болады. Ресми медицина қара өрікті пайдаланып ішек-қарын жолдары ауруларын, бүйрек, бауыр мен жүректі емдейді. «Turkistan Fruit» серіктестігі мемлекет қолдауымен, бөлінген қаржымен Түркістан магистральды каналынан 11 шақырым құбыр жүргізіп, 21 тік дренаждық құдық қазып, 7 қондырғының құрылысын жүргізді. су алатын резервуарлар. Бақшаға 16,2 шақырым электр желісі қосылған. «Turistan Fruit» серіктестігі 2021 жылдың екінші егіні үшін қара өрікті жинауға дейін 150 га (100 гектар қауын, 50 гектар қарбыз) егіп, 4 мың тонна өнім жинады. Өнімдер республика аймақтарына және Ресей Федерациясының нарығына шығарылды. Осылайша сайрамдық кәсіпорын еліміздің қазынасына мол табыс алып келіп отыр. Кез-келген мемлекеттің негізгі табысы – экспорттан түсетінін ескерсек, сайрамдық серіктестіктің елдің ортақ мүддесіне қосып отырған үлесін мақтанышпен айта аламыз. Елімізде осындай кәсіпорындар көп болса, Қазақстан қарыштап дамиды. Еліміздің болашағына зор үмітпен қарай аламыз. 2022 жылы сыйымдылығы 40 мың тонна жеміс-көкөніс сақтау қоймасының құрылысы басталды. 2022-2023 жылдар аралығында. 100 га заманауи жылыжай кешенін салып, 150 га өрік бағын отырғызу жоспарлануда. Өріктің де пайдасы зор. Бауырдың зақымдануын болдырмайды. Метаболизмді жақсартады. Токсиндерді тазартады. Гемоглобин деңгейін арттырады. Иммундық жүйені нығайтады. Сүйектерді жетілдіреді. Тістердің беріктігін арттырады. Бүйректе тас тұруының алдын алады. «Turkistan Fruit» серіктестігінің болжамды жылдық кірісі: 2020 жыл – шамамен 3,3 миллион теңге; 2021 жыл – шамамен 3,8 млрд теңге; 2022 жыл – 1,6 миллиард теңге. Жергілікті бюджеттен «Turistan Fruit» серіктестігіне 1,9 миллиард теңге бөлініп, 1,3 миллиард теңге қаржы бөлінді. Аграрлық несие корпорациясы 2,2 миллиард теңге несие қаражатын бөлді. 100 гектар жерге «Turistan Fruit» жылыжай кешенін салу құны 107,5 миллиард теңгені, өрік бағын егуге 1,42 миллиард теңгені құрайды.
Қай сала болмасын оның дамуы мықты кадр, мамандарға тікелей байланысты. Өкінішке қарай елімізде ауылшаруашылығы саласында маман тапшылығы сезіледі. Мұндай қыиндықпен аталған компания өкілдері де кезіккен. Сондықтан Қазақстанда ауыл щаруашылығы саласында маман даярлау ісіне баса назар аударылса дейді.
«Жастарды ауылшаруашылығы мамандықтарына оқытуға ынталандыру, қызықтыур қажет. Себебі бұл мамандан елімізге аса қажет. Қазақстан ауылшаруашылығына қолайлы өңір болғандықтан біздің экономикамыз осы салаға тікелей байланысты. Ал бұл саланы өсіріп-өркендететін жас , білімді, мықты мамандарымыз болмақ. Болашақта қазақ жастарынан мықты ғалым агрономдар, инженер, техниктер шығады деген сенімдемін. Ал дайын мамандарға мемлекет әлеуметтік қолдау көрсетсе бұл салаға қызығатын жастар көбейеді деген ойдамын»,- дейді компанияның өндірістік директоры.
Бауды бір араласам жаныма қуат аламын, демаламын деген Сапарбек Аманқұлұлы алдағы жоспардарымен де бөлісті. «Алға қойған мақсаттарымыз көп. Ең бірінші ол тұқымбақ құру ойымызда бар. Себебі бау-бақша ісі үшін ең бірінші сапалы көшет қажет. Ал мұны дамыған мемлекеттер әлдеқашан бизнес көзіне айналдырған. Екіншіден қайта өңделетін өнімдеріміздің ассортиментін көбейтсек деп отырмыз»,- дейді ол.