Ақбұлақта кәсіпкерлер көбейген
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіп¬сіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байла¬нысты мәселелерді шешу мақса¬тында жобаланып, жүзеге асыры¬лып жатқан «Ауыл аманаты» мем¬ле¬кет¬тік бағдарламасына барша бұқара қатты мүдделілік танытып отыр.
«Ауыл аманаты» кәсіп бастауды жоспарлап жүрген азаматтарға тың серпін береді. Мәселен өткен жылы дәл осы бағдарлама аясында Сайрам ауданына қарасты Ақбұлақ ауылының азаматтары кәсіпкерлер қатарына қосылған.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес былтыр республика көлемінде «Ауыл аманаты» жобасы іске асқан болатын. Сайрам ауданы бойынша 4 ауылдық окру таңдалған болатын. Соның бірі осы Ақбұлақ ауылдық округі. Облыста бірінші болып берілетін 2,5 пайыздық несиені алдық. Сүтті бағытта жобаны қолдау үшін берілді. Ауылымызда бір кооператив ашылды. Жоба бойынша ауылдық округімізде 40-қа жуық азамат несиедерін алып, қазіргі таңда жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлер тиісті салықтарын төлеп, есептерін жүргізіп отыр. Ауылымыздың, ауданның экономикасының дамуына аз да болса үлестерін қосып отыр»,- дейді Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Мұрат Оразбаев.
«Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Өткен жылы жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. «Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік өңірді аралап шығып, елді мекендердің 250 мыңнан астам тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бапталған бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қа¬жет¬ті түрлі ақпараттарға молынан қанықты.
Сөйтіп, былтыр Жамбыл облысында басталған қанатқақты жоба биыл еліміздің бүкіл өңірін қамтитын бағдарламаға айналып отыр. Алғашқы болып жобаны Ақтөбе облысы іске асыра бастады.
«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған, несиелер биылғы жылдан бастап беріле бастады. Жоба аясында қандай жеңілдік¬тер қарастырылған? Бағдарлама бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие/шағын несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша – 7 жылға дейін. Несиенің, шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңна¬ма бойынша айқындалады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Мұндай несиенің халыққа пайдалы екендігі сөзсіз. Мәселен, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банктен мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие – өте тиімді. Ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – үлкен мүмкіндік. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.
Қаражатты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, зей¬неткерлік жасқа толмаған жұмыс¬керлер, жеке кәсіпкер ретінде тауарлар¬ды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөнін¬дегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, қосалқы шаруа¬шылықтың мүшелері, табысы ең төменгі күн¬көріс деңгейінен төмен өндіріс¬тік коопе¬ративтердің мүшелері ала алады.
Шағын несие алу үшін өтінім беруші жеке кәсіпкер болып тіркелуі керек. Сондай-ақ салық органдарында тіркеудің болуы, басқа несиелер бойынша мерзімі өт¬кен жарнаның, мемлекеттік кірістер ор¬ган¬дарында берешектің болмауы талап етіледі.
Несие алушыда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, қора және басқа да қажетті жағдайлардың болуы шарт, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру және жоба аясындағы өндірген өнімін өндірістік коо-перативке өткізу талап етіледі.
Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен жергілікті әкімдіктеріне өтінім білдіруі қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіп¬кер¬лікті ашу арқылы халықтың табы¬сын арттыруға және азық-түлік қауіпсіз¬дігін қамтамасыз етуге септігі тиеді. Бағ¬дар¬ла¬мада уақыт шектеуі жоқ. Шартта көрсе¬тіл-гендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғы¬лық¬ты азаматы болуы керек. Егер кепіл бол¬маған жағдайда туыстардың кепілін пай¬далануға болады. Шағын несиелер халық¬қа сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі. Қаржының мақсатты жұмсалуы қатты қадағаланатын болады.
Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектеседі.
Қашанда қағажу көріп жүретін ауыл тұрғындары жаңа жобаға үлкен үміт артып отыр. Қолынан іс келетін, дөң¬гелетіп отырған шаруасы бар көп¬теген кәсіпкер, фермерлер бұл бастамаға барынша мүдделілік танытуда. Олар қаржылай қолдау болса, ауыл-аймақта өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін шұғылданып келген шағын кәсіптерінің аясын кеңейтіп, талапқа сай дамыта алатынына бек сенімді.
Сайрам ауданы бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылға пилоттық жобаға қатысу үшін арнайы скриниг жүргізіліп, нәтижесімен Манкент, Қарамұрт, Қарасу және Арыс ауылдық округтері ұсынылған болатын.
Манкент ауылында «Таза Өнім 2024» атауымен (балық, құс және тұрғындардың өз кәсібін ашу), Арыс ауылында «Арыс Бизнес Агро» (өсімдік, мақсары майын шығару, балық шаруашылығын дамыту), Қарамұрт ауылында «Қарамұрт Жаныс Агро» (сүтті қайта өңдеу, балық шаруашылығын дамыту), Қарасу ауылында «Аят-Агро Соm» (өсімдік, консерві өнімдерін дайындау, балық шаруашылығын дамыту) кооперативтері құрылған.