Қарамұртта кәсіп өркендеген

Oinet.kz 25-11-2024 313

image.png

Жыл басынан бері Түркістан облысы ауылшаруашылығы саласында 308 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Осы ретте өңірдегі Сайрам ауданының қосқан үлесі зор. Аймақтағы кәсіпкерлер бүгінге дейін ет, сүт өнімдерін нарыққа шығаруда көш бастап келеді. Солардың қатарында Қарамұрттық  бизнес өкілдері де бар. 

Жасур Заиров 10 жылдан бері сүт өнімдерін шығарады. Ол үшін кәсіпкер Чехиядан 105 бас сиыр әкелген. Бүгінде асыл тұқымды ірі қара күн сайын шамамен 4,5 тонна сүт береді. Ал жиналған өнім аймақтағы кәсіпорындарға жөнелтіледі. Кәсіпкерге тиесілі «Баж агро» шаруа қожалығы 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

«2015 жылдан бері сүт өнімін алумен айналысамыз. Бізде қазір жақсы тұқымдағы сиырлар қалмады. Сол үшін 2022 жылы Чехиядан сүтті, асыл тұқымды сиырларды әкеліп, басын көбейтіп жатырмыз. Әрі сүт өнімін аламын. Алғашұы жылдары оларды жерсіндіру қиындау болғанымен, уақыт өте келе климатымызға үйретіп алдық. Бір сиыр шамамен 20-25 литр сүт береді. Алдағы уақытта құдай қаласа тағы 200 бас сиырға тапсырыс бердік. Жалпы қорамызға 400 бас сиыр сыяды»,- дейді кәсіпкер Жасур Заиров. 

Шаруа сүт өнімдерімен қатар мал бордақылауды қолға алған. Қазір фермада 300-ден астам ірі қара бар. Жалпы Қарамұрт ауылында Жасур сынды кәсібін  дөңгелетіп отырған жандар жетерлік. Ол үшін тұрғындарға барлық жағдай жасалған дейді ауыл әкімі. 

«Қарамұрт тауылында қазіргі таңда 17 мың халық өмір сүреді. Екі елді мекеннен тұрады: Қарамұрт ауылы және Низамабад ауылы. Тұрғынлдар толық ауылшаруашылығымен және диқаншылықпен айналысады. Округте 200-ден астам шаруа қожалықтары бар. Кәсіпкерлік саласын дамытуға, ауылшаруашылығын өркендетуге мемлекет тарапынан қолдау өте жақсы деңгейде көрсетіліп келеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауылымызда «Жас агро» деген ӘК  құрылды. Бағдарлама бойынша 29 миллион теңге ақша алып жатыр. Оған қазір 60 тан асқан мүше ретінде тіркеуге ниет білдіріп отыр.  Жоба іске асса олар сүт бағытын іске асырады. Бізде екі сүт өңдейтін зауыт бар. Одан бөлек шаруалар сүтті Төлеби ауданындағы «ФудМастер» зауытына өткізеді. Біз жыл сайын ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 11 гектар аумақты алып жатқан жылыжайымыз бар. Одан бөлек 3 тігін цехы бар. Сондай-ақ тәтті нан өнімдерін әзірлейтін цехтарымыз да жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар қазір ауылымызда мемлекетттік қолдау көрсетіліп отырған  үлкен жоба жүзеге асырылғалы жатыр. «Самұрық-Қазына» қаржыландыруда. Яғни бу электр станциясы құрылып жатыр. Ауқымды жоба 4 жылдың ішінде аяталады деп отыр. Жоба жүзеге асқан жағдайда 400 адамды тұраұты жұмыспен қамтитын болады. Олан бөлек окургте 8 мектеп бар. Бесеуі мемлекеттік болса, үшеуі жекеменшік білім ошақтары. Қарамұрт ауылында 31 көше бар, әрқайсысынң комитет төрағалары бар. Әйелдер кеңесінің төрайымы бар. Аптаның әр сәрсенбісінде ауылдың бүкіл ақсақалдары, жастары, тұрғындары жиналып, ауылда қандай өзекті мәселелер бар. Соның барлығын талқылап, ортаға салады. Қарамұрт ауылы бірлігі мен тіргілі жарасқан, ынтымақты, берекелі мекен»,- дейді Қарамұрт ауылдық округінің әкімі Мамыржан Нажиев. 

Қарамұрт елді мекені аудан орталығы Ақсукенттен 20 шақырымда орналасқан. Қарамұрт ауыл округінің орталығы болып табылады. Қарамұрттың төңірегінде 10 шақырым радиусында көршілес  Сайрам ауданының Ақбұлақ, Төлеби ауданының Сарқырама және Мәдени ауылдары және Шымкент қаласының Қаратау ауданы Шапырашты елді мекені орналасқан. Түркістаноблысының 1 көршілес – Төлеби ауданы орналасқан. Аталған елді мекендер Қарамұрт  ауылымен экономикалық жағынан тығыз байланысқан, себебі мұнда облыстық маңызы бар «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» көлік жолы өтеді, инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, сауда дамыған.

Айта кетейік, Сайрам ауданының мал бордақылауда облыста көш бастап тұр. Аудан ет экспорттаудан да алдыңғы қатарда. Мұндағы кәсіпкерлер жыл басынан бері 25 мың тоннадан астам ет шетелге жөнелткен. 

Кәсібі қарқын алған ауданда төрт түлікте болатын жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ұсақ малдарды тоғыту үшін арнайы орындар қарастырылып, дәріленсе, ірі қарада болатын абруцеллез сынды ауру түрлеріне қарсы екпе жұмыстары ұдайы жалғасуда. Президенттің «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қажетті техникалар жаңарып жатқан көрінеді. 

«10 түрлі ауруға вакцинация егеміз. Қазіргі таңда он айын орындап қойдық. Атап айтқанда құтыру ауруына қарсы   20770 басқа, 8 мың уақ мал басына , жылқыға 6430 бас екпе салынды»,- дейді Сайрам аудандық ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадияр Махажанов. 

Биыл демографиялық өсім мен өнім өндіріп экспортқа жіьеруден алдыңғы қатарда тұрған ауданның еңбегі ақталды. «Еңбек бәрін жеңбек» дегендей мұнда бірі мал бордақылап етін шетел асырса, енді бірі  ауылшаруашылығы дақылдарын өндіріп, ішкі нарықта саудалауда. 

Қарамұрт ауылының жеке кәсіпкері ЖК «Көксәйек» ағаш аралас көмір брикеттерін өндірумен айналысады.Бұл кәуәп пен барбекю үшін ыңғайлы отын саналады. Ол ұзақ дайындықты қажет етпейді, жақсы жағылады және отқа пісіру үшін біркелкі жылуды қамтамасыз етеді. Брикеттер ыңғайлы қаптамада сатылады, бұл шағын отырыс үшін пісіруге жеткілікті. Артықшылықтары: оңай тұтанады; от, кәуап немесе барбекю үшін қолайлы.  Дұрыс тұтандырса 15-20 минут ішінде жанады. Жұмыс температурасы 400-500С; Жылу шығару қабілеті ағаш көмірге қарағанда жоғары; Тасымалдау кезіндегі сынғыштығы төмен болып келеді.  Ауданның 5 азаматын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын кәуәп пісіруге арналған көмірлерін ауданның дүкен сөрелерінен «SULTAN briket» атауымен табуға болады. Және айта кететін жайт кәсіпорын өндіретін өнім өңірімізде жоқ кәсіп түрі. Кәсіпорын өндіретін өнімнің қаптамасы да көз тартады. Дизаины ерекше және шрих-кодтар орналастырылған. Материалы да қалың полиэтилен, оңайлықпен жыртылмайды. Бағасы да халыққа қолжетімді. Полиэтилен пакеті 3 кг - 600 теңге. Қораптағы (элитный сорт) 3 келі - 1400 теңгені құрайды. Қорабтың ішінде: ағаш аралас көмір брикеті салмағы 3 килограмм, ұштандыруға арналған отыны, 1 дана кеуірт (спичка), 2 дана көмірге арналган қолғап бар. 

Ағаш күлінен көмір өндіру әлемдік тәжірибеде бар болғанымен біздің елге таңсықтау тірлік. Дегенмен Сайрамдық азамат бұл іске батыл кірісіп, ерекше кәсіпті бастап отыр. Алайда оны жолға қоб оңай болмаған көрінеді. Оған қажетті құрылғылар табылғанымен, технологиясын игеру біршама қиындық туғызған. 

«2018 жылы мен басқа шаруаларыммен Еуропаға бардым.  Сол кезде мен осы көмір биркеттерін өндіретін кәсіпкердлердің жұмысын көріп қалдым. Жақсы идея екен деген оймен елге оралдым. 2019 жылы осы кәсңіпке қажетті станокты Қытайдан іздестіре бастадым. Таптым, алдырттым. Сөйтіп кәсңпті бастап кеттім»,- дейді кәсіпкер  Өміртай Ешанқұлов. Бір қарағанда өте қарапайым болып көрінетін кәсіп әзірге Қазақстанда өндіріліп жатқан жоқ. Бұл өнім негізінен ағаш күлінен жасалады. Ол үшін алма ағашының күлі өте ыңғайлы келеді екен. Ал аудан аумағында оған қажетті шикізат қураған ағаштар қай жерде болса да жетерлік.  

Қарамұрт ауылында жеке кәсіпкер Иптихар Кочкаровтың 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосылған өсімдік майын өндіретін цехі бүгінде қарқынды жұмыс істеуде. Жоба құны 350 млн. теңгені құрайды.  

Қазіргі таңда өндірісте күнбағыс, мақсары майлары «Алтын май» маркалы атауын қолданып келеді. Бұл шикізаттар Мақтаарал ауданы мен Өскеменнен жеткізіледі. Сондай-ақ, дайын өнімді өткізу жағы да шешімін тапқан. Олар облыс аудандары мен Шымкент қаласының супермаркеттеріне сатылуда. Ауданнан өндірілген өсімдік майы Қырғызстан Республикасына да жіберілуде. Сонымен бірге, қазіргі кезде Иран Республикасына дайын өнімді жіберу жұмыстары жүргізілуде. Ал қүнбағыс, мақсары майларының құрамына келсек, 100% тазартылған, иіссіздендірілген болып келеді.

Күнбағыс майының өзге көкөніс майларынан (зәйтүн, пальма, кокос майы) пайдалы тұстары бар. Мәселен, күнбағыста Е дәрумені басқа майлардан әлдеқайда көп. Ал мұндай дәрумен көзге, теріге өте пайдалы. Ендеше күнбағыс майының денсаулыққа 6 пайдасын сұрыптап ұсынайық. Жүрек жұмысын жақсартады. Күнбағыс майының 80 пайыз құрамы қанықпаған мономайдан тұрады. Ал бұл жүрек жұмысына өте пайдалы. Аз қаныққан майда ағзадағы май қышқылының көлемін тепе-тең ұстауға және холестерин деңгейін реттеуге көмектеседі. Теріге пайдалы. Күнбағыстың құрамында А мен Е дәрумені мол. Бұл дәрумендер теріге пайдалы. Сондай-ақ, терінің тез жетілуі мен жарақат түссе, жылдам жазылуына, бактериялардан қорғануына көмектеседі. Күш-қуатты көбейтеді. Қаныққан май ағзаға ауырлық түсіреді, содан адам шаршайды, әлсіз күйге түседі. Ал қанықпаған май ағзаға бұлай ауырлық түсірмейді, керісінше энергия өндіруге көмектеседі. Мәселен, гликогеннің бауырдан қанға тез түсуіне осы қанықпаған май көп әсер етеді. Гликоген – күш-қуат беретін, энергия бөлетін қанттың түрі. Шашқа пайдалы. Күнбағыс майы құрғақ шашқа нәр беріп, жұмсартады. Шашыңызға аптасына бір рет күнбағыс майын жағып тұрыңыз. Иммунитетті күшейтеді. Күнбағыс майында антиоксиданттар көп. Бұлар жасуша мембранасын берік етіп, ағзаға бактерия мен вирустарды енгізбейді. Күнбағыста жасушаны қалпына келтіруге көмектесетін ақуыздар бар. Бұл ағзаның дұрыс жұмыс жасауына ықпал етеді. Ас қорыту жақсарады. Жоғарыда айтылғандай, күнбағыс майы – қанықпаған май. Мұндай майды қорыту асқазанға оңай. Ішек те қанықпаған майды тез сіңдіреді. Сондай-ақ іш өтудің алдын алады. Шикі май немесе бірінші сығылған май ең сапалы әрі пайдалы түрі. Бұл май өңдеудің ең жұмсақ түрінен өтеді, сол себепті құрамына барлық дәрумендер мен пайдалы заттарды сақтап қалады. Мұндай май хош иісті, өзіне тән дәмі болады. Шикі майды көбінесе салаттарға қосады. Жалпы мұндай май жоғары температураларға шыдай алмайды, оны қуыру үшін қолдануға болмайды. 90 градустан асқан кезде май өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтып, тіпті канцерогенді болып кетуі мүмкін. Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Бірақ бұндай майда бастапқы шикізаттың бөлшектері қалып қоюы мүмкін, сол себепті кішкентай балаларға (3 жасқа дейін) оны бермеген жөн. Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады. Бұл майды қуырып қолдануға болады: ол көбіктенбейді, тұнба мен жағымсыз иіс бермейді. Әрине ас үйіңізде бір шикі не рафинацияланбаған және бір рафинацияланған май болғаны дұрыс. Бірін салаттарға қоссаңыз, екіншісіне тамақ әзірлеуге болады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы былтырғы жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Президент әр сөйлеген сөзінде кәсіпкерлерлерді қолдап, халықты еңбек етуге шақырып келеді.

Сайрам ауданы Қарамұрт ауылының 21 жасар тұрғыны Олимжан Мирзаев карантин уақытында интернет желісі арқылы әртүрлі видероликтерден темір дәнекерлеуді үйреніп, өз кәсібін бастаған. Ата-анасының қолдауымен, үйінде кішігірім жұмыс орнын ашқан жас кәсіпкер «көз қорқақ, қол батыр» екенін айтады. Мемлекеттен ешқандай көмек алмай, өз күшімен кәсібін бастаған кәсіпкердің жасаған дүниелеріне жақында ғана ауыл әкімінің қолдауымен әлеуметтік желіде жарнама жасалыныпты. Кәсібін бастағанына 2-3 жыл болған О.Мирзаев Қарамұрт ауылындағы №6 Киров атындағы мектептің түлегі. Жас кәсіпкер Ферғана қаласында 15 күн болып, білікті қолөнер шеберлерінен тәжірибе алған. Нәтижесінде тұрмыстық қажеттілікке керекті жиһаздар, қақпа мен үй сәкілерінің дизайнын өзі жасап, тұтынушыларға сызбаларды өзі ұсынады. Бүгінде Қарамұрт ауылындағы тұрмыстық-техника заттарын сататын дүкенмен арнайы келісімшартқа отырып, тұрмыстық жабдықтарды дүкенге жеткізіп отыр. «Ең көп сұраныс жазда. Өйткені, көпшілік осы уақытта сыртқы аулада отыруға қолданады» -дейді жас кәсіпкер. Олимжан қазақстандық өнімдердің шет елден кем түспейтінін, өзімізде де осындай керемет дүниелер жасауға болатынын бүкіл халыққа үлгі етіп көрсетті. Жас та болса бас болып, 3 адамды жұмыспен қамтып, аудан экономикасының дамуына үлес қосып отыр. Жас шебер алдағы уақытта мемлекет тарапынан шағын несие алып, кәсібін кеңейтіп, өзінің жеке дүкенін ашуға ниетті.

Айта кетейік, ауданда биылғы 9 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 203,1 миллиард теңгеге жетіп, өсім 19,2 пайызды құраған. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, құрылыс салаларының үлесінде. Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 269,0 миллиард теңгеге жеткізіп, 12 пайыз өсімді қамтамасыз ету жоспарланған. Соңғы 4 жылда өзіндік кірістер 2 есе ұлғайған.

Аудан әкімінің айтуынша, негізінен сүт, ет шаруашылығына маманданған, тамақ өнеркәсібі дамыған аудандардың бірі және кәсіпкерлік белсенділігі жоғары. Аудан халқының тығыз орналасуына байланысты тұрғын үй құрылыс үшін берілген жерлердің инфрақұрылым жүйелерімен қамтылмауы, инфрақұрылым жүйелерінің тозуы мен электр қуатының тапшылығы байқалады.

Жыл қорытындысымен 135 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланып, жеке инвестиция есебінен 2,6 есе ұлғайту көзделген. Алдағы 6 жылда құны 1 115,3 миллиард  теңгені құрайтын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және туризм салаларында 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде 7 мыңға жуық жұмыс орнын құру болжануда. 

Облыс бойынша халқы ең тығыз орналасқан Сайрам ауданы экономикасының өсу резервтерін тиімді пайдалану және жаңа өндірістерді іске қосу есебінен өнеркәсіп өнім көлемін 2030 жылға 3,7 есеге немесе 205,4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Яғни, жоспар бойынша 6 жылда 635,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілмек. 2030 жылға мал шаруашылығы саласында құны 48,1 миллиард теңгеге 15 жобаны іске асырып, өнім көлемін 188,2 миллиард теңгеге жеткізу болжанып отыр. 

Өнеркәсіп саласында 2030 жылға құны 912,7 миллилард теңгені құрайтын 48 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Алдағы уақытта сүт өнімдерін өндіру, мал қалдықтарын өңдейтін цех, құрама жем шығаратын, ауыр жүк көліктерінің тіркемесін және арнайы жасақталған көліктер шығару сияқты жобалар мен тамақ өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру көзделген.

Сайрам ауданында көшпелі мәжіліс өтті
Ақбұлақта кәсіпкерлер көбейген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу