Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Шығыс Қазақстан облысында биыл да ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жалғасын табуда. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алканованың айтуынша, 15 қыркүйек күні өткен сайлауда облысқа қарасты Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарындағы 8 ауылдық округте ұйымдастырылған сайлау жоғары деңгейде өткізілген.
Атап айтсақ, Глубокое ауданы Алтайский ауылы, Бобровка және Малоубинка ауылдық округтері, Катонқарағай ауданы Коробиха ауылдық округі, Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері, Үлкен Нарын ауданы Алтынбел ауылдық округі мен Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округтерінде жаңа әкімдер сайланып, қызметтеріне жауапкершілікпен кіріскен.
- Бұған дейін елімізде болған саяси бәсекелерге ел халқы немқұрайлы қарамай, үнемі белсенділік танытып келді. 15 қыркүйек күні өткен сайлауда да жерлестерімнің дәл сондай белсенділік танытқанын өз көзімізбен көрдік. Ол сайлау белгіленген барлық талапқа сай өткізілді. Аталған округтердегі әкім сайлауына халықтың басым бөлігі қатысып, өз таңдауларын жасады. Бүгінгі таңда өз орнын сақтап қалған әкімдер куәліктерін алып, аудандық мәслихат шешімімен әкімдер өз қызметтеріне кірісіп кетті, - дейді Жанар Алканова.
Мәселен, Глубокое ауданы Алтайский ауыл әкімінің сайлауында тізімге енгізілген 1103 сайлаушының 715-і қатысып, дауыс берді. Бұл жалпы сайлаушылардың 64,82 пайызын құрайды. Сайлау қорытындысында Махтиев Еркебулан Жанатұлы сайлаушылардың 105 (15,22%), Ойдульманов Руслан Рифатұлы – 441 (63,91%), Сәбитова Сәуле Әділханқызы – 125 (18,12%) дауысына ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 19. Дауыс беру нәтижесі бойынша 1988 жылы туған, Белоусовка кенті әкімінің орынбасары, Amanat партиясы ұсынған Ойдульманов Руслан Рифатұлы Алтайский ауылының әкімі болып сайланды.
Ал Малоубинка ауылдық округі әкіміне үміткерлер саны үшеу. Олардың бірі саяси партиядан ұсынылса, екеуі өзін-өзі ұсынған. Бұл округ бойынша сайлаушылар тізімге енгізілген 569 азаматтың 441-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған. Жалпы округ тұрғындарының сайлауға келуі 77,50 пайызды құрады. Сайлау қорытындысында Бельдеубаев Руслан Мұратбекұлы сайлаушылардың 364 дауысына, яғни 85,25 пайыз қолдауына ие болды. Ал қарсыластары Берекбайұлы Ринат сайлаушылардың 28, Мухамадиев Оралхан Адинбекұлы 27 дауысын жинай алған. «Барлығына қарсы» белгі соққан бюллетень саны – 8. Дауыс беру нәтижесі бойынша Amanat партиясы ұсынған, 1975 жылы туған, жұмыссыз жүрген Бельдеубаев Руслан Мұратбекұлы Малоубинка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сондай-ақ Глубокое ауданына қарасты Бобровка ауылдық округі әкімінің сайлауына да үш кандидат түсіп, сайлау тартысты өтті. мұндағы сайлаушылар тізіміне енгізілген 1884 сайлаушының 1077-і дауыс берді. Сайлау қорытындысында Дамдыбаев Арна Маташұлы сайлаушылардың 832 (79,39%), Жакитов Руслан Сабетұлы – 96 (9,16%), ал Мыңғаева Әйгерім Батырханқызы – 105 (10,02 %) дауысына ие болды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Amanat партиясы ұсынған, 1976 жылы туған, жұмыссыз, Дамдыбаев Арна Маташұлы Бобровка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.