Шығыс Қазақстанның 4 ауданында өткен округ әкімі сайлауына халықтың 90 пайызы қатысты

Oinet.kz 19-11-2024 8

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында 15 қыркүйекте бір-бір ауылдық округте әкім сайлауы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілген болатын. 

Screenshot_9.jpg

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алканованың айтуынша, Катонқарағай ауданының Коробиха ауылдық округі, Үлкен Нарын ауданының Алтынбел ауылдық округі мен Шемонаиха ауданының Вавилон ауылдық округтерінде өткен әкім сайлауына әрбір округтен әкім болуға үміткер ретінде үш-үштен барлығы 9 кандидат тіркелді. Оның 5-еуі әйел. Саяси партиядан ұсынылғаны 3-еу болса, өзін-өзі ұсынған кандидаттар 6-у.   

Мәселен, Катонқарағай ауданы Коробиха ауылдық округі әкіміне үміткер ретінде тіркелген 3 кандидаттың бірі – Қатонқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы 32 жастағы Архат Муслимұлы Аубакиров. Екінші үміткер әйел, оның есімі Динара Раимканқызы Батекенева. 50 жастағы ол Солдатова ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Екі үміткер де өзін-өзі ұсынғандар. Ал Amanat партиясы сенім артқан кандидаттың есімі округтің бұрынғы әкімі 38 жастағы Досжан Мухаметкалиұлы Доржанов.  

Коробиха ауылдық округі әкімі сайлауына сайлаушылар тізіміне енгізілген 510 азаматтың 504-і, яғни 98,8 пайызы қатысып таңдау жасады. Сайлау қорытындысында Аубакиров Архат Муслимұлы сайлаушылардың 11, Батекенова Динара Раимканқызы 11, ал  Доржанов Досжан Мухаметкалиұлы 470 дауыс жинап, сайлаушылардың 95,52 пайыз сеніміне ие болды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Amanat партиясы ұсынған, 1986 жылы туған ауылдық округі әкімінің аппартының әкімі, Доржанов Досжан Мухаметкалиұлы өз орнын сақтап қалды. 

Алдымен Үлкен Нарын ауданының Алтынбел ауылдық округінде өткен округ әкімінің сайлауына тоқталсақ. Осы жылдың 15 қыркүйегі күні Үлкен Нарын ауданының аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалған Үлкен Нарын ауданының Алтынбел ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» шешім қабылданды. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алканованың айтуынша, Үлкен Нарын ауданы Алтынбел ауылдық округінің әкіміне 3 кандидат тіркелген. Тіркелген кандидаттардың біреуі әйел адам. Мамандықтары бойынша кандидаттың 2-і мемлекеттік қызметкер, 1-еуі уақытша жұмыссыз. Екеуі өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партия атынан қатысты.  

-15 қыркүйек күні Үлкен Нарын ауданының Алтынбел ауылдық округінде өткен сайлау учаскесіне сайлаушылардың 95,8 пайызы келіп дауыс берді. Жалпы сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енген 974 сайлаушының 932-і өз таңдауларын жасады. Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді, оның ішінде Amanat партиясынан енгізілген бір, ал өзін-өзі ұсынған екі кандидат бар. Сайлауға 1 бақылаушы, кандидаттардың 3 сенімді өкілі қатысты. Сайлау қорытындысында Алыбаев Руслан Нургалиевич сайлаушылардың 76, Естаулетов Медет Кенесбекович – 723,  Ильяшева Мадина Кенжахановна – 86 дауысына ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 19. Дауыс беру нәтижесі бойынша Amanat партиясы ұсынған, 1990 жылы туған, уақытша жұмыссыз Естаулетов Медет Кенесбекович Алтынбел ауылдық округінің әкімі болып сайланды, - дейді Жанар Алканова.

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау Шемонаиха ауданында да өз жалғасын тапты. Жалпы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округінің әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылса, оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 2 кандидат ұсынылған болатын. Ұсынылған кандидаттардың бірі – 43 жастағы Шемонаиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау және болжау секторының бас маманы Индира Жексембекқызы Абильмажинова. Екінші үміткер – 37 жастағы Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесі агроөнеркәсіптік кешен секторының бас маманы Карлыгаш Еркингазықызы Маселова. Бұл екі кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Ал үшінші кандидат – 54 жастағы «Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айнаш Куанышбекқызы Ожекенова. Ол Amanat партиясынан ұсынылған.

-15 қыкүйекте өткен сайлау қорытындысыда Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген 1701 азаматтың 1433-і, яғни 84,24 пайызы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. 

Сайлау қорытындысы бойынша Абильмажинова Индира Жексембекқызы сайлаушылардың 113 дауысын, Маселова Карлыгаш Еркингазықызы 86, ал  Ожекенова Айнаш Куанышбекқызы 1211 дауыс алды. Яғни ол сайлауға қатысушылардың 85,46 пайызын жинады. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 7-еу. Дауыс беру нәтижелері бойынша Вавилон ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған «Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 1970 жылы туған Ожекенова Айнаш Куанышбекқызы сайланды. 15 қыркүйек күні өткен сайлау да әділ өтіп, халық өз таңдауын жасады, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алканова.

Шығыс Қазақстан облысында Amanat партиясы ұсынған 3 кандидат ауыл әкімі болып сайланды
Күршім ауданының сайлаушылары белсенділік танытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу