Күршім ауданының сайлаушылары белсенділік танытты

Oinet.kz 19-11-2024 8

Сайлау қашан да – елге сын, ұлтқа жауапкершілік жүктейтін, азаматтық позицияға тың серпін беретін ертеңнің ісі, болашақтың бағдары. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен аудан, қала мен ауылдық округ әкімдерін сайлау үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі.

Screenshot_10.jpg

Осы саяси науқаннан Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы да назардан тыс қалып отырған жоқ. Жуырда, дәлірек айтсақ 15 қыркүйек күні Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округітерінде әкім сайлауы өткізіліп, қорытындысы белгілі болды.   

Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шакерхан Тойбаевтың айтуынша, бұған дейін ауданда бірнеше ауылдық округте әкім сайлауы ұйымшылдықпен өткізілген. 

- Күршім ауданында үш жылдан бері ауылдық округ әкімдерін халық өзі сайлауда. Мәселен, бүгінге дейін ауданымыздың бірнеше ауылдық округтерінің әкімдері сайланды. Соның ішінде екі ай бұрын өткен осы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округітері де бар. Мәселен, Балықшы ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелген болатын. Тіркелген кандидаттардың арасында бір әйел бар. Кандидаттардың екеуі өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партиядан ұсынылған. Өзін-өзі ұсынғандардың бірі – 33 жастағы Балықшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушы Балжан Айбекқызы Әлімжнова. Екінші кандидат – 36 жастағы Күршім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жасұлан Жайлаубайұлы Мәжібаев. Екі кандидат та өзін-өзі ұсынған. Ал үшінші кандидат – 52 жастағы уақытша жұмыссыз жүрген Ержан Токаевич Тлеубаев. Ол Amanat партиясы атынан ұсынған.

Сонымен Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген 448 азаматтың 443-і, яғни 98,9 пайызы дуысы беріп, өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысында Әлімжанова Балжан Айбекқызы сайлаушылардың 46, Мәжібаев Жасұлан Жайлаубайұлы – 64, ал Тлеубаев Ержан Токаевич 312 дауысына ие болды. Мұнда «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 18-ді құрады. Дауыс беру нәтижесі бойынша Amanat партиясы ұсынған, 1972 жылы туған, уақытша жұмыссыз Тлеубаев Ержан Токаевич Балықшы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Сайлау әділ де тартысты өтті. ең бастысы ауыл тұрғындарының 98,9 пайызы қатысып, белсенділік танытты, - дейді Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шакерхан Тойбаев.

Сондай-ақ Сарыөлең ауылдық округі әкімін сайлау да заң талабына сай өткізілді. Бұл округ әкіміне де 3 кандидат тіркелген болатын. Тіркелген кандидаттардың арасында бір әйел бар. Кандидаттардың екеуі өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партиядан ұсынылған. Өзін-өзі ұсынғандардың бірі – 42 жастағы Күршім ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Арайлым Сейткамзиновна Касымбаева. Екінші кандидат – 37 жастағы Күршім ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшы Роллан Нұрланұлы. Екі кандидат та өзін-өзі ұсынған. Үшінші кандидат – 62 жастағы уақытша жұмыссыз жүрген Серик Алтынбекұлы Аксартов. Ол Amanat партиясы атынан ұсынған.

- Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген 1093 азаматтың 1066-ы дауыс берді. Сайлау қорытындысында Аксартов Серик Алтынбекович сайлаушылардың 916, Касымбаева Арайлым Сейткамзиновна 73,  Нұрланұлы Роллан 68 дауыс жинады. Дауыс беру нәтижесі бойынша Amanat партиясы ұсынған, 1962 жылы туған,  Күршім ауданы, уақытша жұмыссыз, Аксартов Серик Алтынбекович Сарыөлең ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Бұл округте де сайлаушылардың белсенділігін көруге болады. Мұнда да сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың 97,5 пайызы қатысып өз таңдауларын жасады. Осы екі ауылдық округте өткен сайлау қорытындысына қарап, сайлаудың әділ, ұйымшылдықпен өткенін аңғаруға болады, - дейді Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шакерхан Тойбаев.

Шығыс Қазақстанның 4 ауданында өткен округ әкімі сайлауына халықтың 90 пайызы қатысты
Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімі өз орнын сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу