Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімі өз орнын сақтап қалды

Oinet.kz 20-11-2024 8

15 қыркүйек күні Ақмола облысының 11 ауданындағы 20 ауылдық округте әкім сайлауы өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Политкиннің айтуынша, Ақмола облысының Степногорск, Атбасар, Аршалы, Егіндікөл, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарына қарасты 20 ауылдық округ әкімі сайланған. 

Screenshot_11.jpg

Алдымен Ақмола облысының Степногорск қаласының Қырық құдық ауылында өткен округ әкімдерінің сайлауына тоқталсақ. Осы жылдың 25 тамыз күні Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Степногорск қаласының Қырық құдық ауылынның әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» шешім қабылданды. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Семенюктің айтуынша, Қырық құдық ауылының әкіміне 3 кандидатты тіркелген. Барлығы да мемлекеттік қызметші, оның бірі осы округтің әкімі. 

- Сайлау талабына сай округ әкімі екінші қайтара сайлауға түсу құқығына ие. Осы мүмкіндікті пайдаланып, үміткер ретінде қайта тіркелген 48 жастағы ауыл әкімі Дулат Толегенұлы Жахинның кандидатурасын ХДП «Ауыл» партиясы қолдаған. Ал өзін-өзі ұсынған үміткердің бірі – 42 жастағы Степногорск қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Меирхан Амирханұлы Уахитов. Екіншісі – 29 жастағы Жібек жолы ауылдық округ әкімінің кеңесшісі Ұлбосын Сабитқызы Молдахметова. Қырық құдық ауылында өткен сайлау учаскесіне сайлаушылардың 90,1 пайызы келіп дауыс берді. Жалпы сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енген 312 сайлаушының 288-і өз таңдауларын жасады, - дейді Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Семенюк.

Сонымен 2024 жылғы 15 қыркүйекте Ақмола облысы Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімінің сайлауы ұйымшылдықпен өтті. Татьяна Семенюктің айтуынша, Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Ақмола облысы Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы № 94 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын жариялады. Қырық құдық ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 312 азаматтың 288-і дауыс беріп өз таңдауларын жасады. Үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар саны – 7. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар санына қарайтын болсақ, Жахин Дулат Төлегенұлы сайлаушылардың 257, Молдахметова Ұлболсын Сәбитқызы 15, ал Уахитов Мейірхан Әмірханұлы 16 дауысын иеленген. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ партиясы ұсынған, Степногорск қаласында тұратын, 1976 жылы туған Жахин Дулат Төлегенұлы Қырық құдық ауылының әкімі болып сайланды.

- Степногорск қаласы Қырық құдық ауылында өткен әкім сайлау қорытындысы бойынша Қырық құдық ауылының әкімі болып Жахин Дулат Төлегенұлы сайланып, өз орнын екінші рет сақтап қалды. Ол аудан әкімдігі аппаратында аудан әктивіне таныстырылып, куәлік берілді. Бүгінгі күні округ әкімі өз міндетіне кірісіп, сайлауалды бағдарламасында айтқан міндеттер мен жоспарларын жүзеге асыруда, - дейді қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Семенюк.

Күршім ауданының сайлаушылары белсенділік танытты
Аршалы ауданында Жібек жолы мен Константинов ауылдық округ әкімдері екінші рет сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу