Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ақмола облысының Аршалы ауданында жыл басынан бірнеше ауылдық округ әкімінің сайлауы өткізілді. Соңғысы 17 қарашада Константинов ауылдық округінде өтсе, оның алдыңғысы 15 қыркүйекте Жібек жолы ауылдық округінде ұйымшылдықпен өткізілген болатын.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәуле Барлыбайқызының айтуынша, қос ауылдық округте ұйымдастырылған сайлау қорытындысы шығарылып, бүгінгі күні әкімдер өз жауапты қызметтеріне кірісіп кеткен.
- Жалпы сайлау жүйесі – бұл саяси билікті занды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ереже. Осы ереже аясында ұйымдастырылған сайлаулар ауданда жоғары деңгейде өткізілуде. Алдымен алдын ала өткен 15 қыркүйек күнгі Жібек жолы ауылдық округ әкімінің сайлауына тоқталайын. Жалпы бұл округ әкіміне үміткер ретінде 3 кандидат тіркелді. Оның барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Олардың қатарында ауыл әкімі 35 жастағы Канафин Канат Бегайдарович те бар. Ол сайлауға түсу мүмкіндігін екінші рет пайдалануға құқылы. Ал осы лауазымнан үмітті келесі кандидат – аудандық жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы 38 жастағы Баймағамбетов Азамат Дюсенбаевич. Үшінші кандидаттың есімі Ивликов Григорий Анатольевич. 39 жастағы ол аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік секторының меңгерушісі. Барлығының да мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бар. Сонымен 15 қыркүйек күні ауылдық округте өткен сайлауда халық өз таңдауын жасады. Сайлау әділ де ұйымшылдықпен өтті, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәуле Барлыбайқызы.
Сонымен Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындысы жарияланды. Жібек жолы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 4 044 азаматтың 2 243-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 27, «Барлығына қарсы» жолда белгісі бар – 99 бюллетень дауыс санау барысында анықталды. Ал әрбір кандидат үшін берілген дауыс төмендегідей орын алды. Атап айтсақ, Баймағамбетов Азамат Дюсенбаевич сайлаушылардың 358, Ивликов Григорий Анатольевич 270, Канафин Канат Бегайдарович 1489 дауысын иеленді. Сөйтіп 1989 жылы туған, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Қанат Бегайдарұлы Канафин Жібек жолы ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланып, бұған дейін атқарып келген қызыметіне кірісіп кетті.
Ал 17 қарашада Аршалы ауданы Константинов ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша өткен сайлауына 3 кандидат тіркелді. Олардың бірін саяси партия ұсынған болса, екі үміткер өзін-өзі ұсынғандар. Өзін-өзі ұсынғандардың бірі – 49 жастағы Аршалы аудан әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Қажетов Абай Қабденұлы. Екінші кандидат – 38 жастағы аудан әкімдігі жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Баймагамбетов Азамат Дюсенбаевич. Ал Amanat партиясы ұсынған кандидат округ әкімі Шедербеков Қайрат Айтмагамбетович.
- Константинов ауылдық округіндегі сайлау жоғары деңгейде өтті. Ондағы сайлаудың өтуін кандидаттардың 3 сенімді өкілі бақылап тұрды. Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өткізілді. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ. Жалпы сайлау округі бойынша сайлаушылардың 61,2 пайызы қатысып, дауыс берді.
Сонымен Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Аршалы ауданы Константиновауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын жария етті. Константинов ауылдық округі сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1116 азаматтың 748-і дауыс берді. Мұнда жарамсыз бюллетеньдер саны – 24, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар –91 бюллетень анықталды. Ал кандидаттар арасындағы дауыс төмендегідей бөлінді, яғни, Баймагамбетов Азамат Дюсенбаевич сайлаушылардың 65, Қажетов Абай Қабденұлы 23, Шедербеков Қайрат Айтмагамбетович 545 дауысын иеленді.
Сонымен 1973 жылы туған, Amanat партиясынан ұсынылған Аршалы ауданы Константинов ауылдық округінің әкімі Қайрат Айтмағамбетұлы Шедербеков өз орнын сақтап, Константинов ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды. Аудан әкімінде өткен активте Аршалы ауданының әкімі мен аудандық мәслихаты оның жұмысына сәттілік тілеп, қызметтік куәлігін тапсырды. Бүгінгі таңда Қайрат Айтмагамбетович өзіне жүктелген міндет пен тапсырмаларды талапқа сай орындауда, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәуле Барлыбайқызы.