Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ақмола облысының Атбасар ауданында 15 қыркүйек пен 17 қараша күндері Ақан Құрманов пен Сергеевка ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Төлентай Боранбаевтың айтуынша, жалпы жыл басынан бері Атбарар ауданында 4-5 сайлау өткізілген. Оның соңғыларының бірі 15 қыркүйек күні, екіншісі 17 қараша да өтіп отыр екен.
- Биыл ауданда ұйымдастырылған округ әкімінің сайлаулары жоғары денгейде өтті. Мәселен, 15 қыркүйек күні Ақан Құрманов ауылдық округі әкімдігінде өткен сайлауға 3 кандидат қатысты. Олардың бірін саяси партия ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі – 37 жастағы Атбасар ауданы әкімінің аппараты» бірыңғай персоналды басқару қызметін басшысы Ақылбаева Жадыра Сапарханқызы. Екіншісі – 27 жастағы Бастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сүлеймен Аян Қажемұратұлы. Партия тарапынан ұсынылған кандидат 57 жастағы Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі Белялова Алтынай Дюсенқызы. Бұл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 678 азаматтың 561-і дауыс берді. Дауыс санымен Белялова Алтынай Дүйсенқызы алдыға шықты.
Ол сайлаушылардың 361, ал қарсыластары Ақылбаева Жадыра Сапарханқызы 61, Сүлеймен Аян Қажемұратұлы 73 дауысын жинаған болатын. Сайлау нәтижесімен 1967 жылы туған, Amanat партиясы ұсынған округтің әкімі Белялова Алтынай Дүйсенқызы өз орнын сақтап қалды. Сөйтіп, әкім куәлігін қолына алған күні-ақ ол өз қызметіне қайта кірісіп кеткен болатын, - дейді Төлентай Боранбаев.
Ал 17 қарашада Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округ әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті. Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес Атбасар қаласы әкіміне 2024 жылдың 24 қазаны күні кандидаттарды тіркеді. Тіркелген кандидаттардың бірі – Акишев Ақылбек Рамазанұлы. 1972 жылы туған ол «Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Екінші кандидаттың есімі – Дархамбаев Нұржан Нұрмухаметұлы. 1996 жылы туған ол «Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Үшінші кандидат – Сүлеймен Аян Қажемұратұлы. 1997 жылы туған ол «Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Көріп отырғанымыздай барлығының да еңбек өтілі мемлекеттік қызметпен байланысты. Олардың екеуі өзін-өзі ұсынған болса, бірін Amanat партиясы ұсынған.
- Сергеевка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 921 азаматтың 568-і сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Сайлау бюллетеньдерін санау барысында 18 бюллетень жарамсыз деп табылса, «Барлығына қарсы» деген жолда 39 сайлаушы белгі қойған. Ал жалпы сайлау барысында Акишев Ақылбек Рамазанұлы сайлаушылардың 71, Дархамбаев Нұржан Нұрмухаметұлы 79, ал Сүлеймен Аян Қажемұратұлы 361 дауысын жинады. 1997 жылы туған, «Атбасар ауданының Бастау ауылдық округі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Amanat партиясынан ұсынылған, Бастау ауылында тұратын Сүлеймен Аян Қажемұратұы Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округ әкімі болып сайланды. Ол аудан активінде көпшілікке таныстырылып, өзіне жүктелген міндеттерді аброймен атқаруда, - дейді Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Төлентай Боранбаев.