Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
17 қараша күні Ақмола облысының 8 ауданының 10 ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Политкиннің айтуынша, Ақкол ауданының Новорыбин ауылдық округі, Аршалы ауданының Константинов ауылдық округі, Атбасар ауданының Атбасар қаласы және Сергеев ауылдық округі, Жарқайың ауданының Нахимов ауылдық округі, Зеренді ауданының Қанай би және Исаков ауылдық округтері, Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі, Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық округі мен Шортанды ауданының Раев ауылдық округтерінде әкім сайлауы ұйымшылдықпен өтіп, әкімдер қызметтеріне кірісіп кетті.
- Мәселен, 17 қарашаға тағайындалған Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкіміне үміткерлерді тіркеу туралы хаттамалар негізінде, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдады. Ол шешім бойынша 3 кандидат тіркелді. Оның бірі – әйел. Тіркелгендердің бірі саяси партиядан ұсынылса, екеуі өзін-өзі ұсынған. Amanat партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аумақтық филиалымен ұсынылған кандидат округтің әкімі, 34 жастағы Шүленбеков Данияр Кенжеұлы. Ол екінші мүмкіндігін пайдаланып, сайлауға түсуде. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі – Айтымов Жаңабай Тілектесұлы. 1993 жылы туған ол «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы. Екіншісінің есімі – Репина Дарья Сергеевна. 1989 жылы туған ол «Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Кандидаттар халық арасында үгіт-насихаттарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламаларын жүргізді. Сөйтіп, бұл ауылдық округтегі әкім сайлауы әділ өтіп, халық өз таңдауын жасады, - дейді Николай Политкин.
Жалпы сайлау жүйесі – бұл саяси билікті занды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ереже. 17 қарашаға тағайындалған Новорыбин ауылдық округі әкімінің сайлауы да ұйымшылдықпен өтті. Сонымен Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындылары жарияланды.
- Новорыбин ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 616 азаматтың 487-і қатысып, дауыс берді. Сайлау бюллетеньдерін санау барысында 7 бюллетень жарамсыз деп табылса, «Бәріне қарсы» деген жолда 12 сайлаушы белгі соққан. Сайлау қорытындысында Айтымов Жаңабай Тілектесұлы сайлаушылардың 37, Репина Дарья Сергеевна 39, ал Шүленбеков Данияр Кенжеұлы 392 дауыс жинаған. Сөйтіп 1990 жылы туған, Amanat партиясының Ақкөл аумақтық филиалы ұсынған округтің әкімі Шүленбеков Данияр Кенжеұлы Новорыбин ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.
Сайлау қорытындысы бойынша өз орнын сақтап қалған округтің әкімі Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясында тіркеліп, қолына кәулік тапсырылды. Бүгінгі күні Новорыбин ауылдық округінің әкімі сайлауалды бағдарламаларында берген жобалары мен жұмыстарын қолға алып, іске кірісіп кетті, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Политкин.