Қоғалыда жаңа әкім сайланды

Oinet.kz 20-11-2024 9

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байланысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады.

Screenshot_15.jpg

Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Міне, 17 қарашада Түркістан облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау Төлеби ауданының Қоғалы ауыл округінде ұйымшылдықпен өтті.

Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Оралбай Сүттібаевтың айтуынша, Төлеби ауданының Қоғалы ауыл округі әкіміне үміткер ретінде 3 кандидат тіркелген. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі – 33 жастағы аудан әкімдігі мәдениет тілдерді дамыту және денешынықтыру спорт бөлімінің «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Кипшахов Қайрат Саматович. Екінші кандидат – 29 жастағы Қоғалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сәдуақас Заңғар Бақтиярұлы. Үшінші үміткер – 47 жастағы Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ержанов Ильяс Абдиханұлы.

- Сайлау қашан да – елге сын, ұлтқа жауапкершілік жүктейтін, азаматтық позицияға тың серпін беретін ертеңнің ісі, болашақтың бағдары. Осы талаптың жауапкершілігін сезіне білген Шығыс Қазақстан облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау заң шеңберінде әділ өткізіліп келеді. Кешегі өткен сайлауда халықтың ұйымшылдығы мен ынтымағының беріктігіне көзіміз жете түсті. Сонымен Төлеби ауданының Қоғалы ауыл округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1794 адам болса, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын 1134 адам жасады, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Оралбай Сүттібаев. 

Енді сайлау барысына тоқталсақ, сайлау қарсаңында бір үміткер бас тартып, өз есімін сайлау бюллетенінен алдырды. Округтегі сайлауға жалпы тұрғындардың 63,4 пайызы қатысып дауыс берген. Қоғалы ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы бойынша, Кипшахов Кайрат Саматович сайлаушылардың 930, ал Ержанов Ильяс Абдиханұлы 185 дауысын жинаған. «Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 6. Сайлау қорытындысы бойынша Қоғалы ауылдық округінің әкімі болып 1991 жылы туған, Төлеби ауданы Мәдениет тілдерді дамыту және денешынықтыру спорт бөлімінің «Саябақтары» КММ-директорының орынбасары, Ленгер қаласының тұрғыны Кипшахов Кайрат Саматович сайланды.

- Байқағандарыңыздай Қоғалы ауылдық округі бойынша сайлауға түскен кандидаттардың барлығы да жоғары білімді. Барлығы да жергілікті азаматтар. Сайлау қорытындысында округ тұрғындары өз таңдауларын жасап жаңа әкімін сайлап алды. Бүгінгі күні әкім өз міндеттеріне кірісіп, жұмыстарын талапқа сай атқаруда, - дейдіаудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Оралбай Сүттібаев.

Ақмола облысында Новорыбин ауылдық округінің әкімі өз орнын сақтап қалды
Халық өз таңдауын жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу