Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Жетісу облысының Қаратал және Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған әкімдердің сайлауы Айту би және Талды ауылдық округітерінде өтті.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітовтың айтуынша, екі аудандағы қос ауылдық округте өткен сайлау барысында 6 кандидат тіркелген. Барлығы да өзін-өзі ұсынған.
- Биыл облысымызда ауыл әкімдерінің сайлауы қаңтар айынан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі күні 15 қыркүйекте өткен сайлауға Қаратал ауданы Айту би ауылдық округінің әкімі болу үшін 3 кандидат тіркелген болатын. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар. Бірінші кандидаттың есімі Зауре Сейталықызы Жабықбаева. 1973 жылы туған ол Қаратал ауданы әкімі аппаратының қаржы шаруашылығы бөлімінің басшысы. Екінші үміткер – 39 жастағы Айту би ауылдық округінің әкімі Медет Серғазыұлы Сағатбеков екінші мүмкіндігін пайдаланып қалу ниетімен кандидат болып тіркелген. Ал үшінші кандидаттың есімі Медет Бүркітханұлы Шуратбаев. 38 жастағы ол Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары.
Айту би ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 845 азаматтың 692-і дауыс беріп өз таңдауын жасады. Жалпы округ тұрғындарының 81,9 пайызы дауыс берсе, бюллетендерді санау барысында 36 бюллетеньнің жарамсыздығы анықталса, «Бәріне қарсы» деген жолда 15 сайлаушы белгі қалдырған. Сонымен сайлау қорытындысында дауыс төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Зауре Сейталықызы Жабықбаева сайлаушылардың 98, Медет Серғазыұлы Сағатбеков 444, Медет Бүркітханұлы Шуратбаев 99 дауысын жинай алған. Сөйтіп Айту би ауылдық округінің әкімі Медет Серғазыұлы Сағатбеков өз орнын сақтап қалды, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов.
Ал алғашында 15 қыркүйекке белгіленіп, кейін арнайы қаулымен 22 қыркүйекке шегерілген Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің сайлауы да ұйымшылдықпен өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Балпық ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін жариялады. Балпық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1069 азаматтың 920-ы, яғни 86,1 пайызы дауыс беріп, өз таңдауларын жасаған. Сайлау қорытындысында 9 жарамсыз бюллетен анықталса, барлық кандидатқа қарсы 8 сайлаушы дауыс берген. Дауыс кандидаттар арасында төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Бекбосынов Р.Н сайлаушылардың 652, Билал Л 96, ал Саякбаев І.М – 155 дауысына ие болған. Сөйтіп өзін-өзі ұсынған 44 жастағы Рүстем Нұрәділұлы Бекбосынов Балпық ауылдық округінің сайланды.
Өз уақтысында, дәлірек айтсақ, 15 қыркүйекте өткен Жетісу облысы, Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы өз мерзімінде жарияланды. Талды ауылдық округі бойынша 2024 жылғы 25 тамызда әкім лауазымына барлығы өзін-өзі ұсынған 3 кандидат тіркелген. Олардың қатарында Панфилов ауданының Мансап орталығы филиалының директоры, 47 жастағы Қуандық Тойганбекұлы Аширжанов, Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің орынбасары, 33 жастағы Ернұр Аманкелдиұлы Ырым мен Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 32 жастағы Алмас Ғалымұлы Курманов бар.
-2024 жылғы 15 қыркүйекте Талды сайлау округі бойынша Талды ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Талды ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелері жарияланды. Талды сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 3 573 азаматтың 2 958-і дауыс берді. Бұл округ тұрғындарының 82,8 пайызын құрайды. Дауыс санағы кезінде 13 бюллетень жарамсыз деп танылса, 12 азамат «Бәріне қарсы» деген жолға таңба соққан. Ал кандидаттар бойынша айтар болсақ, Қуандық Тойганбекұлы Аширжанов сайлаушылардың 1822 дауысына ие болып, алға шықты. Оның қарсыластары Алмас Ғалымұлы Курманов сайлаушылардың 238, ал Ернұр Аманкелдиұлы Ырым 873 дауысын қанағат тұтты. Сөйтіп, Талды ауылдық округінің әкімі болып 1977 жылы туған, «Жетісу облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалы «Панфилов ауданының мансап орталығы» директоры, Жаркент қаласының тұрғыны Аширжанов Қуандық Тойғанбекұлы сайланды. Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйекте сайланған Талды ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен тіркеді, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов.
Бүгінгі күні бұл жоғарыда аталған ауылдық округ әкімдері төрағаның айтуынша өз міндеттеріне кірісіп, сайлаушылардың сенімін ақтауда.