АЭС-тің маңызы зор

Oinet.kz 05-09-2024 28

Бүгінгі таңда сарапшылар дәстүрлі көмір генерациясымен салыстырғанда атом энергетикасы көміртегі қалдықтарын айтарлықтай азайтатынын айтып келеді. Ал, әлемдік тәжірибе мен зерттеулерге сүйенсек, атом электр стансасы кем дегенде 60 жыл жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, толық тексерістен өткізгеннен кейін оның «ғұмырын» тағы 20 жылға созуға болады. 

Screenshot_13.jpg

Демек, еліміздің көміртегі бейтараптығына жетуінде АЭС-тің маңызы зор. Тек әуелі экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік мәселесін мұқият зерделеп, әлеуметтік-экономикалық әсеріне көңіл бөлген жөн. АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері өңір тұрғындарының қатысуымен өткен кездесулерде осылай деді.

Халықтық штаб мүшелері облыс орталығынан шалғайда орналасқан Шу ауданына атбасын бұрған білім саласының қызметкерлерімен және Сауытбек ауылының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, олар бұл күні «Есіктен- сікке» акциясы аясында ауданның зиялы қауым өкілдері Бәйтерек Жұмаділдә, Мейірхан Балықбаев пен Ахметжан Қосақовтың шаңырағына арнайы барып, АЭС салудын маныздылығы жөнінде әңгіме өрбітті. Жалпы, тоғыз жолдың торабында орналасқан осы ауданда электр қуатының тапшылығына байланысты проблемалар жиі орын алатыны белгілі. Өйткені, республикалық маңызы бар теміржол мен негізгі тасжолдың бойындағы өңір транспорттар бір сәтке дамылдаған емес. Әрі мұнда өндіріс орындарының саны жыл сайын өсіп, өңірдің экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сондықтан, бұл аймақтың да электр энергиясына қажеттілігі жыл сайын артуда.

- Елімізде қазірдің өзінде жыл сайын 3 пайыз тапшылық сезіліп келеді. 2030 жылы еліміз бойынша электр энергиясының тапшылығы 6,2 гегаватқа жетеді деген болжам бар. Бұл тұрғыда алдағы уақытта көрші мемлекеттерден электр қуатын импорттау одан әрі ұлғая түседі деген сөз. Сол себепті, мемлекетімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Бұл орайда атом бүгінгі электр стансасын салу күннің сұранысынан туындаған бастама екеніне көз жеткізуге болады. АЭС құрылысы өндірісі өркендеп келе жатқан Шу секілді аудандардың инфрақұрылымының дамуына да септігін тигізер еді, - деді Amanat партиясының облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов.

Бұл күні Халықтық штаб мүшелері Үміт Битенова мен Гүлжауһаp Кушанова «Құмшагал» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Олар көпшілікті 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға белсене қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Халықтық штаб мүшелері Үміт Битенова мен Гүлжауһар Кушанова референдумның маңызы туралы айтты. Өз кезегінде бастауыш партия ұйымының мүшелері атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардын жұмыс істеу принциптері және оның қоршаған ортаға әсері туралы мол мағлұматтарға қанығып, көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.

Ал, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров бастаған топ «Запчасть» АҚ қызметкерлерімен және «№9 қалалық емхана» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесуде жастар мен келешек ұрпақ үшін бұл жобаның берер пайдасы мол екені туралы дәйекті ақпаратты жеткізді. Әңгімелесу барысында АЭС-тын тек энергия көзін қамтумен шектелмейтіні, сонымен қатар, еліміздің экономикалық, ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосатыны атап өтілді. Бұдан бөлек, штаб мүшелері «Отбасы» банкінің өңірлік филиалында өткен жүздесу барысында штаб мүшелері жұртшылыққа атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіруге тырысты. Олар еліміздің келешегі үшін қоғам талқысына салынған мәселеде барша халық 6 казанда өтетін жалпыұлттық референдум арқылы өз тандауын жасайтынына тоқталды.

АЭС-ті қолдау – Қазақстанның болашағы үшін жасалған батыл қадам
АЭС елімізде бейбіт мақсатта қолданылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу