Балық өсіріп пайдаға кенеліп отыр
Соңғы жылдары Қазақстанда балық өнімдерін тұтынатын тұрғындардың саны артып жатыр. Бұрын қазақ халқы көбіне тек жылқы етін жейтін. Және де қой, сиыр еттері алдыңғы үштіктен көрінетін. Енді бұл тізімге балық еті де қосылды. Қазір ауыл-аймақтағы, қаладағы арнайы балық етінен тағам дайындайтын дәмханалар бос болмайды. Клиенттер толып жүреді. Осыдан-ақ халықтың балыққа деген ықыласын анық байқаймыз.
Балық етіне деген сұраныс – ең бірінші кезекте оның денсаулыққа пайдалығында. Ғалымдардың айтуынша, балық етінің құрамында дәрумендер өте көп. Осыны терең түйсінген сайрамдық жеке кәсіпкер Баходир Каримшихов балық шаруашылығын қолға алды. Сайрамдағы Арыс ауылында тұратын ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, балық шаруашылығына қажетті барлық құрал-жабдық, балық тұқымдарын сатып алып, кәсібіне кірісіп кетті. Бүгінде оның арнайы жерінде балық өсіретін ірі бассейнде бірнеше мыңға жуық балық уылдырығы өсіп жатыр. Оның бәрі жылдың соңына дейін өсіп, бірнеше ондаған тонна балық өнімін береді. Оны алатын клиенттер де дайын. Яғни ең бастысы балықтар ірі, етті, сапалы болып өсуі қажет. Халық қазір тек сапалы балық етін тұтынуды жөн көреді.
Баходир Каримшихов айтуынша, балық еті құрамында өте көп дәрумен мен микроэлементтер кездесетіні себепті оның биологиялық бағасы ірі қара мал мен қой етінен жоғары. Мысалы, балық етінің 100 граммында адам денсаулығы үшін өте қажет болған бір күндік – 0,2 миллиграмм йод бар. Оның құрамында ақуыз, түрлі дәрумендер, минералдар, темір, йод, магний, фосфор бар және балық етін жеген адам семіріп кетпейді. Бұған қоса, балық еті құрамында адамға аса қажет омега-3 май қышқылдары бар. Бұдан өзге, балық жүрек аурураларының алдын алады, көру қабілетіңізді арттырады, ұйқыны реттейді, ревматоидтық артриттің (буын аурулары) алдын алады, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне себепкер, холестеринді реттейді, зат алмасуын жылдамдатады, қан қысымын түсіреді, бауыр және жүйке жүйесін жақсартады.
Баходир Каримшихов балықтарға арнап арнайы жем сатып алған. Ол бұл жемді бассейнге күніне 3 рет төгіп тұрады. Балықтар оны тез арада тауысып жеп қояды. Жемнен бөлек, түрлі дәрумендер береді. Бұл балықтың өсімталдылығын арттырады. Яғни балықтар ауру-сырқауға жол бермей, ірі денелі болып өседі. Мұндай сапалы балық етін жейтін адамның да денсаулығы мығым болмақ. Мысалы балық майындағы D витамині ағзадағы кальций мен фосфордың дамуын белсендіреді. D дәрумені болмаса, кальцийге бай өнімдер де пайдасыз. Әсіресе қыста. Себебі D дәрумені күн сәулесінің әсерімен синтезделеді. Сонымен қатар, D витамині жүйке жүйесін тұрақтандырады. Балық майындағы ретинол іріңдеген жараны тез жазады. Шаш пен тырнағыңыздың өз қалпына тез қайтқанын қаласаңыз күніне бір рет жатар алдында балық майын тырнағыңыз бен шашыңызға жағыңыз. Балық майы сонымен бірге адамды семіртпейді және теріні жасартырады. Жақында ғалымдар балық майының артық самақтан арылтатынын анықтады. Бұл оның бағасын тағы да арттырды. Егер артық салмақтан құтылғыңыз келсе, 2-3 ай бойы жатар алдында 1 ас қасық немес дәріханаларда сатылатын 1 капсула балық майын ішіп жатыңыз. Күзгі-қысқы маусымда мектеп жасындағы балаларға күніне 1 ас қасық, мектепке дейінгі жастағы сәбилерге 1 шай қасықпен балық майын ішкізу керек. Балық майы сонымен қатар ыңғайлы капсула түрінде де бар. Шыны ыдыстағы мен капсуланың құрамы бірдей. Балық майын 4 апта үзіліссіз ішіп, содан соң 2 апта үзіліс жасау керек. Себебі балық майы адам ағзасына пайдалы дәрумендер мен қатар зиянды элементтерді де жинауы мүмкін. 1 айдан соң міндетті түрде 2 апта ағзаны демалтыру керек. Сіз осылай оны қыркүйектен бастап мамырға дейін ішуіңізге болады.
Баходир Каримшихов балық шаруашылығына бұрыннан қызығады. Ол өзі кішкентайынан балық өнімдерін жиі тұтынғандықтан, оның қыр-сырын біледі. Ол кішкентайынан балық туралы зерттеп, ол туралы көптеген деректерге қанық болды. Балыққа деген ықыласы оны осы балық шаруашылығына алып келді. Бүгінде ол аудандағы ірі балық өсірушілердің бірі. Ол ешқашан клиенттен кенде қалған емес. Адамдар осы өздері іздеп келіп, балыққа тапсырыс беріп кетеді. Көтерме бағада алатын саудагерлер де Баходирмен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ол осы арқылы ауданда ерекше кәсіп түрімен айналысып отыр. Басқаларға ұқсамайтын тың кәсіп болғандықтан бәсекестік мәселесі оны мазалап отырған жоқ. Біздің облысқа балық көбінесе Каспий теңізімен шекаралас орналасқан облыстардан, Балқаш көлі жақтан келетін. Бірақ Сайрам ауданы тек тұтынушы болып қана қоймай, енді өздері жасанды көлшіктерде балық өсіріп, өндіруші ауданға айналып отыр. Бұның бәрі жаңа технологияның арқасында болып отыр. Жеке кәсіпкерлер тек дәстүрлі кәсіп түрімен айналысып отыра бермей, білім көкжиектерін кеңейтіп, жаңа кәсіп түріне ден қойғаны абзал. Яғни инновациялар арқылы кәсіпті жаңа деңгейге шығаруға болады.
Балықта кальций, темір, май қышқылдарының болуы әйелдердің жамбас мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуіне үлкен пайда әкеледі. Балық тағамдарын үнемі тұтыну тырнақтардың, шаштың, сүйектердің және тістердің сапасына оң әсер етеді. Пайдалы балық және жүкті әйелдер. Көптеген әйелдер үшін салмақты қалыпқа келтіру мәселесі өте маңызды. Балық - дәмді, пайдалы және диеталық тағамның тамаша нұсқасы. Бұл салмақтың өсуіне ықпал етпейді, сондықтан салмағын жоғалтатындарға жиі ұсынылады.
Кәсіпкердің айтуынша, балықтың адам ағзасына тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Ол ми жасушалары үшін құрылыс материалы болып табылатын омега-3 және омега-6 май қышқылдарының көзі болып табылады, сонымен қатар қандағы жаман холестеринді азайтуға көмектеседі. Балықты жеу қалқанша безінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі – барлығы йодтың жоғары болуына байланысты. Балықтағы микроэлементтердің болуы адам ағзасында метаболизмді орнатуға мүмкіндік береді. A, B, E, D дәрумендерінің жоғары мөлшері балықты жануарлар етінен жоғары деңгейге қояды.