Адал еңбегімен аты шыққан Нұрбол

Oinet.kz 03-11-2023 257

image.png

Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. «Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек». 

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын. 

Халқымыздың «Ердің атын еңбек шығарады» деген сөзі рас. Созақ ауданында өзінің еселі еңбегімен елге сыйлы болып жүрген әрі кәсібін дөңгелетіп отырған жанның бірі Созақ ауылының тумасы Нұрбол Бейсүгіров. Ол ауылдан 20 шақырым қашықтықта түйе шаруашылығымен айналысуда. Нақтырағы Нұрбол жас та болса ол бүгінгі күні бетпақ далаға 500 түйе, 100-ден астам жылқы өргізіп отыр. Бұл кәсіппен алдымен атасы, кейін әкесі, енді өзі айналысып жатқанын айтады.

1970 жылдары негізі қаланған шаруашылықты дамыту мақсатында 2004 жылы «Нұрбол» шаруа қожалығын құрған. Бүгінде шаруашылықтың негізгі бағыты – айыр өркешті «Вactriаnus» түйесінің санын арттыру. Шаруа қожалық 156,69 гектар аумақты қамтып отыр. Оның ішінде 150 гектар жайылымдық, 3,19 гектар шабындық, 3,5 гектар суармалы жерді құрауда. 8 адам жұмыспен қамтылып, қолайлы жағдай қарастырылған. Баспана және шаруаға қажетті техникалармен жабдықталған. Қазіргі таңда 30-дан астам түйені екі мезгілден сауып, тұрғындарды  қымыранмен қамтып отыр. 

– Түйе түлігі негізінен жайылымда бағуды, күтімді, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауылшаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді. Сонымен қатар, түйе еті мен сүті күнделікті сұранысқа ие өнім. Біз осы шаруашылықпен 1973-тен бері атамыз Қошақан айналысқан. Атамыздан кейін әкеміз айналысты. Әкемізден кейін біз айналысып жатырмыз. Қожалықты өзім 2012 жылдан бері үйреніп, сауын түйемен айналысып жатырмыз. Соны айналдырамыз әйтеуір. Біздікі адал еңбек. Ата кәсіпті жалғастырудамыз,– дейді Нұрбол Бейсүгіров. 

Бүгінде төрт түліктің төресі түйе өсіруге мемлекеттен жеңілдетілген несие мен субсидия беріліп, сол арқылы шаруасын дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Әлемде перспективалы бағыттардың бірі ретінде түйе сүтін өндіру ісі жолға қойылған. Түйе сүтінің сапасы мен майлылығы өте жоғары екенін тіпті, шетелдіктер де мойындап отыр. Сондықтан да соңғы жылдары құрғақ түйе сүтіне деген сұраныс арта түскен. Түсінген адамға түйе ішсең сусын, жесең ет, мінсең көлік, қай жағынан алып қарасаң да пайдасы көл-көсір. «Қой – мырзалық, жылқы – сәндік, түйе – байлық» деген тәмсіл бекер айтылмаса керек. 

Жалпы, 2021 жылғы мәліметке сүйенсек, елімізде 239,8 мың түйе бар, оның 90 пайызы, яғни 217 639-ы бес облысқа тиесілі екен. Жалпы, республикада түйелердің тең жартысы, яғни 118 мыңы жекеменшікте. Сол жылы Түркістан облысы түйені 11 пайызға дейін көбейтіп, республикада 3-орынға шықты. Қазіргі кезде түйеге табыс келтіретін экономикалық ресурс тұрғысынан қарайтындар көбейген. Түйе сүті пандемия кезінде көптеп сатылды. Халық табиғи өнімдерді тұтынудың маңыздылығын түсінді. Денсаулықтың қадірін білді. Жаппай шұбат, қымыз ішуді жолға қоя бастады. Пайдасы ұшан-теңіз түйе жануарын өсірудің маңызы зор екенін қапысыз аңғарған. Былтыр өңірімізде түйенің саны 39,5 мыңға жетті.   

Түркістан облысының Созақ ауданында түйе шаруашылығы жақсы дамыған. Жүзге жуық шаруа қожалығында 16 мыңнан астам ойсылқара түлігі бар. Ата кәсіпті дамытқан шаруалар тәулігіне 2 мың литр қымыран өндіреді.

Шіліңгір шілдеде де желі азынап тұратын Созақ өңірінде түйе бағу оңай шаруа емес. Бірақ соған қарамастан түйе өсіру бұл әулеттің сүйікті кәсібіне айналған. Нұрбол мен Ағайшаның отау құрғанына 12 жыл болыпты. Қазір екеуі 30 түйені 1 сағаттың ішінде сауып үлгереді. Жарасымды жұптың тындырымды тірлігіне қарап, сүйсінбеске амал жоқ. «Екі мезгіл сауамыз. Бір түйе шамамен 3 литр, 2 литр, 1,5 литр сүт береді. 3,5 лирт беретіндері де бар. Мұнда өзіміздің қымызханамыз бар. Қымыран жасап, күнделікті шығарып, сатамыз. Елге, халыққа. Той томалаққа алады. Әрине көбі қазір емге ішеді. Және жан-жаққа алып кетеді Қазақстанға. Астанаға алып кетеді жолға. Соған дайындап береміз барғанша жететіндей етіп. Ашымайтындай қылып. Қожалық төрағасының ендігі жоспары – қымыран өндіретін шағын цех ашу», - дейді Ағайша Фазылова. 

Айта кетейік,  қожалық егесі 2009 жылы айыр өркешті «Вactriаnus» түйесін дамыту бойынша  Мемлекет тарапынан субсидия алған. Бүгінгі таңда мұнда 500-ге тарта түйе, 100-ден астам жылқы бар. Алдағы уақытта Республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін жандандыруды жоспарлауда. Қазірдің өзінде қымыран өндірумен ғана шектелмей, ет өнімдерімен де айналысуда. Өз кәсібін дөңгелетіп, адал еңбек етіп жүрген кәсіпкердің мемлекеттен жеңілдетілген несие алуының басты мақсаты батыс өңірінен сүтті нарларды әкеліп, жерсіндіру. Бұған қожалықта жағдай бар. Ауылдағы жастарды еңбекке баулып, жұмыспен қамту ісі де жоспарында тұр. Қазірдің өзінде қожалық қымыран өндірумен ғана шектелмей, алыс-жақын тұрғындарды ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. 

Аталған шаруа қожалық 156,69 гектар аумақты қамтып отыр. Оның ішінде 150 гектар - жайылымдық, 3,19 гектар - шабындық, 3,5 гектар - суармалы жер. Ауылдағы 8 адам жұмыспен қамтылып, қолайлы жағдай қарастырылған. Баспана және шаруаға қажетті техникалармен жабдықталған. Қазіргі таңда 30-дан астам түйені екі мезгілден сауып, тұрғындарды сапалы қымыранмен қамтып отыр.

2009 жылы қожалықтың егесі айыр өркешті «Вactriаnus» түйесін дамыту бойынша Мемлекет тарапынан субсидия алған. Бүгінгі таңда мұнда 500-ге тарта түйе, 100 ден астам жылқы бар. Алдағы уақытта Республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін жандандыруды жоспарлауда. Ауылда отырып, өз кәсібін дөңгелетіп, көпке үлгі болып жүрген Нұрбол Бейсүгіров: «Шаруашылықтың ішіндегі тиімді бағыттарының бірі - түйе түлігін асырау. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағуды, күтімді, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімдірек. Бұл салаға жұмсалған қаржыны бес-алты есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми өндірістік тәжірибелердің өзінде дәлелденген. Сонымен қатар, түйе еті мен сүті күнделікті сұранысқа ие өнімдер. Мен жастайымнан төрт түліктің арасында өстім. Бұл кәсіппен ең алғаш атамыз айналысты. Содан бері бұл ата кәсіпті жалғастырып келемін. Жалпы, түйе – байлықтың белгісі. Қазақ халқы түйенің еті мен сүтін тағам әрі шипалы дәру ретінде қолданған. Ата-бабаларымыз жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған. Осындай ата-бабалардың ұрпағы, мына біз, қарап жатпауымыз керек. Харекет пен амалын жасап, еңбектену қажет. Өзімнен кейінгі інілеріме де осыны айтып отырамын. Еңбек түбі бәрін жеңбек» дейді. 

Кәсіпкердің айтуынша, түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Қалың терісі күндізгі қапырықтан және түнгі суықтан қорғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерекшеліктеріне ие. Ересек түйелердің таза салмағы орта есеппен 600-630 келі тартады, бір түйеден орта есеппен 5 келі жүн қырқылады екен. 

Бүгінде енді ғана дамып, қарқын алып келе жатқан түйе өсіру ісіне кез-келгеннің батылы бара бермейді. Себебі, қой, сиыр, жылқы сынды төрт түлікке бөлінген қаржылай көмектің ойсылқараға келгенде орайы келіп. Орын алып жатқаны енді ғана. Тіптен, түйе етінің бағасы сиыр етіне қарағанда 200-300 теңгеге арзан болғанымен, бұған дейін сұраныстың аздығы көңіл қынжылтып келді. Төрт түліктің төресі саналған ойсылқараның сүті мен еті емдік қасиетке ие екенін бұрындары ата-бабамыз, бүгінгі таңда ғалымдар да дәлелдеп келеді. Тіптен, дәрі-дәрмек жасауға болатынын да айтуда. Ауыл шаруашылығына серпін берген бағдарламалар аясында отар-отар қой, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқыға қора толып, ет, сүт өнімдері де экспортқа шыға бастады. Ендігі кезекте төрт түліктің төресіне де қолдау танытылып жатыр. Мемлекеттік бағдарламаларпды тиімді пайдаланып, ата кәсібін жалғастырып жүрген созақтың Нұрболдың адал еңбегі жас буынға да үлгі болса керек. Себебі, Созақ ауданында кәсіпкердің жұмысына қызығушылық танытатын жастар аз емес. 

Айта кетерлігі, өзіндік құны арзан әрі сапалы түйе етін өндірудің басты жолы түйені жайып-семірту екендігі дәлелденген. Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы түйе шаруашылығын ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Ет өндіретін түйе шаруашылықтарында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түрікмен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80-120 кг-ға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51,7 – 52,5 пайызға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55-58 пайызға жетеді. Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым-шілде, ал жас буыршындарды қараша-желтоқсан айларында етке өткізген орынды. Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі бойынша қос өркешті түйелер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар, таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15-20 пайызға басым болады.

Жалпы жайылым жағдайына байланысты үнемі көшіп жүруді дағды еткен Азия халықтары оның ішінде біздің ата бабаларымыз түйені өсіруге, оны қолға үйретіп мініс көлігі ретінде пайдалануға, сүтін сауып, шұбатын ішуге ықылым заманнан бері ерекше мән берген. Сол себептен де түйе шаруашылығы – еліміздің шөл және шөлейт аймақтарындағы жұтаң жайылымдарда мал өнімін өндіру мақсатында халқымыздың ғасырлар бойы айналысып келе жатқан негізгі саласының бірі болып қалыптасқан. Ата- бабаларымыз еліміздің шығысы Алтайдан, батысы Атырауға дейінгі ұлан байтақ жерімізде мал жайылымын ауыстырып жаз жайлауға шыққанда, күз күземде болып, қыс қыстауға көшкенде ең басты көлігі ретінде түйені пайдаланғандықтан оны «дала кемесі» деп атауы да тегін болмаса керек.

Түйе шаруашылығы мал шаруашылығы ішінде ең көне, ежелгі шаруашылықтың бірі. Түйе шаруашылығы саласы жөнінде кенжелеп қалған шаруашылық деген түсінік пен көзқарас қалыптасқан жағдайы бар. Бұл түйе өсірудің көп назар аударыла бермейтін, түйе өсіруге көп шығын жұмсауды талап ете бермейтін өзіндік ерекшелігіне байланысты болса керек. Түйе шаруашылығын кенжелеп қалған шаруашылық деп айтуға ешқандай негіз жоқ. Себебі Созақ ауданында қазір бұл ата кәсіп жандана түскен. Жалпы Түркістан облысында 41 мың бас ойсылқара тұқымы бар. Оның 6,5 мыңы асыл тұқымды. Өңірде түйе сүтін өндіретін 10-ға жуық ірілі-ұсақты кәсіпорын жұмыс істейді. Шауралар биыл осы зауыттарға 3 мың тонна қымыран өткізген. Мелдехан Бұқарбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: - Бұл кәсіпкерлер өңдеуші кәсіпорындарға өткізген түйе сүтіне мемлекеттік қолдау алады. Әр литріне 55 теңгеден төленеді. Биыл түйе сүтіне 220 миллион теңге субсидия қаралған. Биылғы жылдың 7 айында 161 миллион теңгесі игерілді. Одан бөлек ауыл шаруашылығы қолдау қоры арқылы 6 пайыз, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5 пайыз түйенің басын көбейтуге бағдарламалар жұмыс істеп жатыр. Мамандар мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен төмен пайыздық несие алып, мал басын көбейту үшін ауылдарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Созақ ауданында түйе шаруашылығының әлеуеті жоғары. Мәселен, Шолаққорған ауылында түйе шаруашылығын өркендетіп отырған «Бағдат» шаруа қожалығында 350 бас түйе бар. Шөлге шыдамды төрт түліктен көктем айларында 256 тонна түйе сүті «Golden Саmеl Group LTD» ЖШС зауытына өткізілген.

Ірі мал басын асылдандырумен айналысатын «Қанжарбек» шаруа қожалығында 110 бас мүйізді ірі қара, 1150 бас уақ мал мен жүзге жуық жылқы бар. Мал шаруашылығын дамытуда Созақ ауданы межелі табыстарға қол жеткізуде. 

Жалпы Созақ ауданында шаруа қожалықтарды өркендету, оның ішінде мал шаруашылығы және ет өнімімен айналысу қарқынды даму үстінде. Бұл жөнінде аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков халықпен есептік кездесу барысында айтты. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылып, субсидия бөлініп жатыр. Бірнеше шаруа қожалықтар жаңбырлатып суғару әдісіне көшті. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, сала орынбасарлары мен тиісті бөлімдер, ауыл округтар, елді мекендерді аралап субсидиялау, жеңілдетілген несие, грант алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, аудан мал шаруашылығына қолайлы аймақ болғандықтан жылдан-жылға мал басының саны артып келеді. 

Аудандағы жұмысын жандандырып отырған қожалықтардың бірі – “Балтабай” шаруа қожалығы. Қожалық 2005 жылы құрылып, 2018-2019 жылдары мал бордақылау алаңын салып, ет өндіру бағытына басымдық берген. Қожалықтың кешені 250 бас малды бордақылауға мүмкіндік береді. Онда арнайы мал сою алаңы, қора жай, мал азығын сақтайтын орындар бар.  Шаруа қожалық басшысы Темур Балтабаевтың айтуынша, қожалықта жылына 250-300 тоннаға жуық ет өнімі өндіріледі. Сондай-ақ, 26 адам жұмыспен қамтылған.

Осы орайда биылдан бастап Республика бойынша іске асырылып жатқан, халықтың табысын арттыруды мақсат еткен «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие берілетінін айта кетейік. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша Созақ және Құмкент ауылдық округтарынан 70 азамат құжат тапсырып үлгерді. Оның ішінде 53 азаматтаң құжаты 227,250 миллион теңгеге мақұлданып, 22 азамат 94,0 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. 

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков кәсіпкерлікті дамытуға арналған пилоттық жобаны ұтымды пайдалану бойынша сала орынбасары мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды күнделікті назарда ұстауда. Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтары ұсынылды. Кооперативтер құрылып, оның мүшелері тіркелуде.

Созақта балық шаруашылығын дамытып отырғандар көп
«Ауыл аманаты» - шарапатты бағдарлама
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу