Қызметкерлерді адал болуға шақырды

Oinet.kz 24-07-2019

1561011484359958.jpg

Түркістан қаласында облыс әкімдігі жанынан Жобалық кеңсе құрылған болатын. Таяуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өңірге ат басын бұрып, аталған кеңсенің жұмысымен танысып шықты. Мекеменің қыр-сырымен облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев таныстырып шықты.  

Жобалық кеңсе 5 негізгі базалық бағытта, яғни инфраструктураның дамуы, адами капитал, кәсіпкерлік және индустрия, агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік сектор, мемлекеттік қызмет көрсету мен қауіпсіздік негізінде жұмыс істейді. Кеңсеге келушілер аталған 5 бағыт бойынша өздерінің жобаларын ұсынады, ал ұсынылған тиімді жобалар рухани мекенді дамыту үшін қолданылады. Бүгінде 1300-ден аса жоба жиналып, қаралу үстінде.

Жобалық кеңесенің басты мақсаты - қағазбастылықты азайту, кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік бағдарламаларды орындауда туындаған мәселелерді жылдам шешу. Жобалық кеңсенің негізгі бағытымен жіті танысқан Алик Жатқамбайұлы жұмыскерлерді адал әрі әділетті болуға шақырды.

 Айта кетерлігі, бұл жоба - Үкімет басшысының жергілікті атқарушы органдардағы Жобалық басқару жүйесін құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.


Кәсіпкерлік жоба: Күн энергиялы терезе
Жаңа автобекет ашылды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×