Тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар

Oinet.kz 20-11-2022 321

image.png

Бизнес саласында тәжірибе алмасу өте маңызды шаруа. Жұмысы оңды, табысы мол, серіктес көп компания өкілдерінен әсіресе кәсібін енді бастап жатқан кәсіпкерлер сабақ алып, олардан көп нәрсені үйренуді қалайды. Мұндай мұмкіндік шымкенттік кәсіпкерлерде бар. 

Шымкент қаласында  «Аға сеньорлар» бағдарламасы арқылы шетелден сарапшыларды, білікті мамандарды тарту бойынша ЖК «Орынбек» - транспорттық қызмет және металл бұйымдарын шығаратын «Шымкент механикалық зауыты» ЖШС-нің өтініштері қабылданып, шетелдік мамандар аталған компанияларда тәжірибе алмасуға көмектерін көрсеткен. Сондай-ақ«Азия Трафо» ЖШС – электр қозғалтқыштарын, генераторлар мен трансформаторларды өндіру, «Асыл Арман Казахстан» - фармацевтика өндірісі, «Алем БТ» – тоқылған және тоқылған шұлық өндірісі, «Event company» – ауылшаруашылық жануарларына дайын жем өндірісі, «Nefis» – шай және кофе өндірісі, «Эко фарм – жұмыс киімдерін өндіру, «Құт береке құрылыс» – металл бұйымдарының өндірісі, «NURTAU distribution company» – тамақ өнімдерінің көтерме саудасы бойынша «Іскер байланыс» жобасына құжаттарын өткізіп, осындай мүмкіндікке ие болып отыр.

Жалпы Шымкент қаласының «Бизнеске арналған Үкімет» фронт-офисінде кәсіпкерлерге арналған семинар-тренингтер тұрақты түрде өткізіліп келеді. 

Сонымен қатар Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының диреторы  Н.Қабыштаевтің мәлімдеуінше, Шымкентте 2020 жылы  «Нишалық жобалар» бағдарламасы қабылданған. Ол қала әкімінің дағдарысқа қарсы бағдарламасына енген. Соның аясында «Бал декор» компаниясы кілемдерге арналған шашақтар өндірісін іске қосқан. Сондай-ақ былтыр 3 меморандумдық келісімге сәйкес нишалық жобаларды іске асыру жалғасын табады. Олардың қатарында картонға арналған қағаз, жұмыртқа қорабы, қатырғыштар (бұранда) және қағаздан жасалған цилиндрлер өндірісі бар. 

Еріктілер 3000 мың қара тал көшетін отырғызды
Государство поможет начать свое дело
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу