Еріктілер 3000 мың қара тал көшетін отырғызды
Ағаш егудің пайдасы зор екенін ата-бабамыз ертеден-ақ білген. Ағаш өзіне пайдалы затты атмосферадан алады. Ал оннан бірін топырақтан алады. Әр ағаш өмірінің соңына дейін тонна-тонна көмірқышқыл газын өңдеумен болады. Және ағаш бір жылда мың шақырым жол жүрген көліктен шыққан газды жұтады екен. Ал бір ағаш жылына 100 кубометр, яғни 120 келі оттек шығарады. Мұнша көлемдегі оттегі шағын отбасыға бір жылға жетеді.
Міне қоршаған ортаға да, адамзат баласына да осындай пайдасы көл-көсір ағашты егу жұмыстары, оны күтіп-баптау жұмыстары Шымкент қаласында жалғасын тауып келеді. Жақында ғана Абай ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен жақында сенбілік өткен болатын. Шара барысында ауданға қарасты Ақтас тұрғын алабы аумағындағы жол бойына 3000-ға жуық ағаш отырғызылды.
Ағаш отырғызу — атадан қалған мирас. Осындай игі шаралардың бірі Абай ауданы әкімдігі бастаған Жастар Ресурстық Орталығы жастары мен Варшава келісімі бойынша әскери қызметін өтеген «Мұрагер» ардагерлер ұйымының қолдауымен жүзеге асты. Көгалдандыру жұмысына үлес қосу мақсатында бас қосқан 200-ге жуық еріктілер 3000 мың қара тал көшетін отырғызды. Абай ауданына қарасты қоқыс полигоны аумағында егілген ағаштар алдағы уақытта күтіп бапталып, тиісті түрде назарда болады. Осындай игі бастамалардың басы қасында жүрген қала жастарының бірі -Гүлбибі Құдайберген. Оның айтуынша, қала жасыл желегінің дамуына жастардың қосар үлесі мол. Шымкент — жасыл желекті қала. Қаланың көркіне көрік өосу үшін тыныдырымды жұмыстар көптеп қолға алынуда. Сондықтан, бұл игілікті шарада Әскери ардагерлер де ат салысты.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының «Табиғат» бағыты аясында ұласып өсуі кемінде 65 пайызды құрайтын 2 миллиард ағаш отырғызу, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру шараларын жүргізу көзделген. Осы ретте Шымкент қаласында биыл жоспарланған 120 мың дана ағаштың 166,3 мың данасы артығымен отырғызылды.