Бизнес леди тәжірибесімен бөлісті

Oinet.kz 18-11-2022 718

Screenshot_9.png

Таяуда Шымкентте Шымкентте  Іскер әйелдер форумы өткен болатын.  Қала экономикасын дамытуға атсалысып жүрген, жаратылысы нәзік болғанымен, жеткен жетістігі таудай әйелдердің басқосуына кәсіптің әр саласында жүрген 500-ге жуық қыз-келіншек қатысып, спикерлердің табысқа жету тәжірибесін тыңдады.

Алғаш болып сөз алған Нилуфар Сайдуллаева – 34 жастағы кәсіпкер келіншек бүгінде жетінші сәбиін күтіп отырған бақытты ана. Бизнес-леди «көпбалалы, бала күтіміндегі ана» деген ұғым кәсіпкерлікпен айналысуға кедергі емес екенін айтады.

Ол бизнесін киім сататын дүңгіршектен, кейінірек косметика дүкенінен бастаған. «Бизнес Бастау» мемлекеттік бағдарламасы тігін мектебінің ашылуына сеп болды. Мектепте Шымкент қаласының 3 мыңнан астам тұрғынына тігіншілікті үйретіп, кәсіп бастауға бағыт беріп отыр.

– Алғашқы кәсібімді осыдан 10 жыл бұрын киім сатудан бастадым. Затты көтерме сауда нүктелерінен алып, дүкенде саттым. Шыны керек, жаңадан босанған ана үшін бұл жұмыс қиынға соқты. Бала күтімімен қатар алып жүретін кәсіпті іздей бастадым. Сол мақсатта тігін курстарында білім алып, үйде жұмыс істедім. Кәсіпті жетілдіруге білімді де толықтыру қажет. Әрі қарай тігін тігуді үйрететін түрлі оқу орталықтарында білімімді жетілдіріп, біліктілігімді арттырудың нәтижесінде, міне, үлкен оқу орталығын ашып, шәкірт тәрбелейтін дизайнер-тігіншіге айналып отырмын. Біздің орталықта бүгінге дейін 3 мыңнан астам қыз-келіншек білім алып, киім тігудің қыр-сырын меңгеріп шықты. Қай жаста болсаңыз да, қандай жағдайда болсаңызда да мақсат жолында аянбай еңбек етсеңіз, кез келген кедергі сізге тәжірибе жинауға мүмкіндік береді және биік шыңдарға жетелейтін баспалдаққа айналады, – дейді Н.Сайдуллаева.

Шымкентте шағын және орта бизнестің басым көпшілігін әйелдер басқарып отырғанын қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов те атап өтті.

– Шымкент қаласы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша кадр шеберханасына айналды. Бұған Алма

Архабаева жетекшілік ететін Іскер әйелдер кеңесі үлкен көмек көрсетуде. Қаламыздың іскер әрі кәсіпкер әйелдері бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен кәсіпкерлігін дөңгелетіп отыр, – деген ол жиынға қатысушыларға қай салада болмасын кәсібінің өркендеуіне сәттілік тілеп, бірқатарын Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Іскер әйелдер форумда бас қосты
Шымкентте әйелдердің кәсібін қолдайтын орталық ашылуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу