Сауда саласының кәсіпкерлері ұсыныстарын айтты
Жақында Шымкент қаласы кәсіпкерлік палатасының сауда және қызмет комитетінің кезекті отырысы өтті. Сауда және қызмет комитетінің төрағасы Шыңғыс Қозбахов комитеттің негізгі мақсаты бизнеспен мемлекеттік органдар арасында туындаған проблемалық мәселелерді жан-жақты талқылап, шешу керектігін түсіндірді.
Комитет отырысына қаламыздың ірі сауда базарлары, сауда үйлері, қызмет саласындағы кәсіпкерлер және мемлекеттік органдар қатысты. Сауда базарлары «Сауда қызметін реттеу туралы» заңына сәйкес базарлардың стационарлық объектіге өту мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін болуына байланысты, базар басшылары аталған заңға мерзімді ұзарту бойынша өзгерістерістер енгізуді сұрады.
Бұдан бөлек, «Орталық қырғы базар» ЖШС-нің директоры Ғалымжан Кененбаев базар маңында, яғни, Төлеби көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындары мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай отырғандығын айтып, Шымкент қаласының әкімшілігіне заң аясында базарға күтіп ұстау үшін сенімгерлік басқаруға беруді ұсынды.
«Шымкент Плаза» сауда ойын-сауық орталығы директорының орынбасары Бунёд Рахманкулов Әл-Фараби алаңында азаматтар заңсыз автотұрақ жасап такси қызметін көрсетіп, өз кезегінде кептелістер жасап отырғандығын көтерді. Аталған мәселе бойынша аталған азаматтарға такси қызметін көрсету үшін арнайы жер бөлуді ұсынды.
«Алаш» сауда базарының басшысы Темірлан тас-жолы бойындағы Орталық мешітпен базар арасындағы жолды азаматтарымыз кесіп өтіп, қауіпсіздік ережелері бұзуда, осыған байланысты Темірлан тас-жолы бойынан жаяу жүргіншілерге жерасты жолын немесе жерүсті салу мәселесі қарастыруды сұрайтындығын мәлімдеді.
Сондай-ақ, «РА «April» ЖШС-нің директоры, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі Сейдуалиев Абдуғали кәсіпкерлік нысандардағы жарнамалардың заңдылығын түсіндіріп өтті.
Комитет отырысының қорытындысы бойынша Хаттама түзілді және тиісті мекемелерге жолданды. Сондай-ақ келесі отырысқа күн тәртібі бекітілді.