«Шымкентте бәрі шығады...»

Oinet.kz 17-11-2022 509

image.png

Статистикалық дерек бойынша Шым­кент қаласында бүгінгі таңда жалпы 757-ден астам өнеркәсіп орындары бар. Олардың барлығы да шағын және орта бизнес нысандары болып есептеледі. Ал оның экономикадағы жалпы өңірлік үлесі 42 пайызды құрап отыр. Бұл – республиканың үшінші мегаполисінде өнеркәсіптің дамып келе жатқанының, қала өзінше жеке табыс табу жолында ілгері қарай қадам басып келе жатқанының жарқын мысалы. Осы ретте жергілікті әкімдік шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 50 пайызға дейін жеткізуді алдына меже етіп қойып отыр.

«Қазір Шымкентте бәрі шығады». Әзіл-шыны аралас бұл сөзді кәсіпуерлік саласында тікелей мағынада қолдануға болады. Себебі Шымқалада қазіргі таңда түймеден бастап тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешек, жиһаз, құрылысқа қажетті заттар, макарон және кондитерлік, сүт өнімдері және тағысын тағы өнімдер өндірілуде. Барлығы да жоғары сапада болғасын бәсекеге төтеп беріп келеді.  

Айтқандай, кілем шығаратын «Бал текстиль» фабрикасы бүгінде Қазақстандағы кілем тоқитын бірден-бір фабрика саналады. Сонымен бірге сапасы мықты болған соң қазір екінің бірі «Әлем-БТ» компания­сы тоқыған отандық шұлықтарды кие бас­тады. Бұдан бөлек, «Оңтүстік» индустриалды аймағында «Фирма Дана» компаниясы бүкіл есік-терезелердің әйнегін өндіреді. Алюминий құтылар шығаратын жоба да бүкіл ел, тіпті Орталық Азия аумағы бойынша бірегей зауыт болып саналады. Өйткені түрлі газдалған сусындарға арнап шығарылған алюминий құтылар бұрын-соңды Орталық Азия мемлекеттерінің бірде-бірінде өндірілмеген. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын шыны құты­­лардың барлығы да «Еврокристалл» кәсіп­орнында шығарылады. Тізбектей берсек, Шымкентте өндіріліп жатқан ма­ңызды тауарлар саны өте көп. Мәселен, бүгінде қаланың медицина саласында қолданатын бүкіл инелерді «Экофарм» компаниясы қамтамасыз етіп отыр. Күн­делікті дастарқанға қойылатын тәтті кәмпит-күлшелерді «Нұртау дистрибюшн» өндіреді.

Шымкентте шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржы көлемі өсуде
Өнеркәсіптік алаңдар – қала экономикасының тірегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу