Шымкентте шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржы көлемі өсуде

Oinet.kz 16-11-2022 261

image.png

Мемлекеттің жүзеге асырып жатқан экономикалық саясатының нәтижесінде, бүгінде отандық өнімдер шығаратын зауыт-фабрикалардың саны көбейген. Бұл тұрғыдан алғанда қазіргі жағдай мен бұрынғы ахуалды салыстыруға болмайды. Қазір жұмыс істеп жатқан, енді бастағалы жүрген кәсіпкерлерге мемлекет барынша қолайлы жағдай жасап беріп отыр. Мысалы, биылдың өзінде Шымкент қаласына шағын және орта бизнесті қолдауға 15,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл, әрине, үлкен қаражат. Себебі мұның алдында бизнесті өркендетуге мемлекет тарапынан 5-6 миллиард теңге қаралып келген екен. Бөлінген қаржы – несие емес. Бұл қаражат – несие пайызын субсидиялауға, мәселен, 16 пайызбен берілген несие сомасын 6 пайызға дейін мемлекет есебінен өтеу үшін және несие аларда кепілзаты жетпей жатса, кепілдік орнына жұмсалатын кепілмүлік ретінде қаралған қаржылар. Әрі аталған қомақты қаражат – «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында бөлініп жатқан қолдау шарасындағы қаржының бір түрі. Бүгінгі таңда жоғарыда көрсетілген қаражаттың 8 миллиард теңгесіне 2 150 жоба қаржылай нақты қолдау тапты. Осынау қаржылай көмектің әлеуметтік оң әсері де орасан зор. Себебі әрбір жобаның артында қаншама адам өзіне жұмыс тауып, өзін және отбасын асырауға мүмкіндік алып отыр. Әр жобада орта есеппен 3 адам еңбекпен қамтылады деп есептесек, сонда 6-7 мың адам мемлекеттік көмек арқылы өзін-өзі асырайтын шамаға жетеді.

Үшінші мегаполисте  кәсіпкерлік субъектілерінің саны да жылдан жылға ұлғайып жатыр. Дүниежүзілік пандемияға байланысты бизнес өкілдерінің саны 68 мыңға дейін азайып кеткен еді. Алайда шектеулердің алынып тастауына орай шағын және орта бизнес субъектілерінің саны биыл күрт жоғарылап 91 мыңға жетті. Мұны мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан, әсіресе пандемиядан зардап шеккен кәсіп­керлерге ұсынылған кең ауқымды қолдаудың жемісі деп түсінген абзал. Бүгінде сауда-саттық немесе өндіріс сала­сы болсын, барлығына да мемлекеттік көмек жеткілікті деңгейде көрсетіліп жатыр.

Кәсіпкерлерге ақпараттық қолдау көрсетіледі
«Шымкентте бәрі шығады...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу