М.Әйтенов сусын шығаратын зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты

Oinet.kz 17-11-2022 587

image.png

Шымкентте өндіріс өркен жаюда. Бұл үшінші мегаполистің шағын және орта кәсіпкерлік жұмысты бастауға, бизнес адымының ашылуына ең қолайлы аумақ екенінің тағы бір нақты дәлелі болса керек.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Болашақ-7” өндіріс ошағын аралап, жұмыс барысымен танысты. 

Аталған зауыт “Бизнестің Жол Картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан бой көтерген. Компания басшысы Нұрлан Омаровтың айтуынша  қазіргі таңда мұнда айына 14 түрлі 34 473 600 дана энергетикалық сусын мен шырындардың түр-түрі шығарылуда. 

«Болашақ-7» ЖШС-нің энергетикалық сусындары Bizon атауымен жұртқа танымал. Аталған зауыттың басты ерекшелігі, мұндағы сусындарды металл құтыларға құяды. Осылайша, сусынды металл құтыға қойып шығаратын бірден бір отандық кәсіпорын болды. 

Құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған зауыт соңғы заманауи қондырғылармен жабдықталған. Кәсіпорында қазіргі таңда 37 адам жұмыспен қамтылып отыр. 

Өнімге пайдаланылатын шикізаттың 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Зауыттың сусын өндіру саласындағы тәжірибесі 25 жылға жуықтайды.  Жалпы аумағы 2 гектарды алып жатқан “Болашақ-7” ЖШС өнімін Қазақстан нарығына сатудан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттауда. 

Зауыт басшылығы өнім көлемін қазіргісінен де арттырып, кеңеюді көздеп отыр. Бұл бастамасын қолдаған қала әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. 

Айта кетейік, 2016 жылы ашылған «Тассай» индустриялды аймағының аумағы бүгінде толық,  100 пайызға жұмыс істеп тұр. Аталған  индустриалды аймағында биылғы жылы жалпы құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнымен 5 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарланған.

Шымкентте қайта өңдеуші кәсіпорындардың жұмысы жандануда
Индустрияландыру бағдарламасының шаһарға тигізген шарапаты қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу