«Gramad» сауда желісінің 20-сыншы нүктесі ашылды
Бүгінде «GraMad» сауда желісінің қаламызда 19 нысаны жұмыс жасаса, халықтың тығыз орналасқан аймағы «Қатын көпір» шағын ауданында 20-сыншы нүктесі іске қосылып, 20 мыңға жуық халық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуде. Жалпы алаңы 400 шаршы метрді құрайтын бұл жобаға жалпы 80 млн. теңге жеке инвестиция құйылып, 20 адам жұмыспен қамтылды.
«GraMad» сауда желісінің негізгі бағыты – 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматында өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді тікелей қолдау. Алдағы уақытта дүкендер санын 25-ке жеткізу жоспарланып отыр.
Оған қоса, Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда жергілікті билік бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне 19 тауар кіреді. Оның 14-і бойынша тұрақтандыру қорына түрлі өнім сатып алынып, барлығы да жергілікті тауар өндірушілерден жеткізіледі. Оның ішінде қарақұмық, күріш, өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, қант және тағы да басқа тауарлар бар.
Жалпы, халық көп тұтынатын азықтың бағасын қадағалау мақсатында арнайы мониторинг топтары құрылып, ұйымдастырылған рейдтер жиі өткізіліп тұрады. Қорытындысы бойынша жауапты басқармалар мен базар, сауда әкімшілігіне ескертулер беріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беру, делдалдық қызметті шектеу. Ол үшін айналымға 5,4 млрд.тг қаржы қаралған. Осы айналым қаражатын толықтыру арқылы сауда желілерінің санын 115-ке жеткізу.
Сонымен бірге әлеуметтік дүкендер санын 30-ға дейін ұлғайту, заманауи қоймаларды дамыту, азық-түлік жәрмеңкелерін тұрақты түрде ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Нәтижесінде жалпы өнім көлемі 44,1 млрд. теңгеге жетіп, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 4,5 млн теңгені құрайды. 90,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналып, 14,8 мың тонна ет, 48,2 мың тонна сүт, 156,2 млн дана жұмыртқа өндірілді.