Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кәсіпкерлер палатасының басты назарында
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басты атқаратын қызметі бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау болып саналады. Осы бағыттағы «Атамекеннің» негізгі серіктесі ол – прокуратура. Кәсіпкерлік субъектілерінің заңдық мүдделерін қорғау жолында өңірлік палата тарапынан үздіксіз жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен 2021 жылы бизнесті қорғау бойынша Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер палатасына 2002 өтініш келіп түскен. 121 өтініш бизнес өкілдерінің пайдасына шешілген. Ол қаралған жалпы шағымның 60 пайызын құрайды. Негізінен жер қатынастары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, мемлекеттік сатып алу, салық салу, көлік және логистика, табиғи монополия, қаржы секторы және басқа да мәселелер бойынша шағымдар келіп түседі екен. Қорғалған құқықтардың жалпы сомасы 4,8 миллиард теңгені құраған. Бұл негізінен мемлекеттік сатып алу келісімшартындағы қарыздар, әртүрлі айыппұл санкциялары және жетпей қалған табыстар болып саналады.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысында мемлекеттік органдардың заңсыз іс-əрекеттерінің дер кезінде жолын кесу жəне кінəлі адамдарды жауаптылыққа дереу тарту басты назар аударылған. Жалпы ағымдағы жылы прокурорлық қадағалау актілері бойынша 111 кәсіпкердің құқықтары қорғалған, 86 мемлекеттік органдардың актілерінің күші жойылды, 25 әкімшілік өндірістер қысқартылды, түрлі тәртіптік жауаптылыққа 14 тұлға тартылған дейді мамандар.
Прокуратураның қаулылары бойынша 2 лауазымды тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 175-бабының 1-бөлігімен (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Аталған бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Кәсіпкерлердің назарын бизнес мәселелерін бірлесіп, және жедел шешу бойынша Мобильдік топ жұмыс істейтінін, топтың құрамында Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы кіретінін аудара отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз тексерулер мен әкімшілік кедергілер болған жағдайда Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының сенім телефонына хабарлауды сұраймыз (8 (7252) 77-55-20) дейді мамандар.