Шымкентте жеміс кептіру ісі қолға алынды

Oinet.kz 14-11-2022 508

image.png

Кептірілген жеміс-жидек ежелгі Қытай елінде тас ғасырынан бері үйлену тойына берілетін зат ретінде танылған. Орта ғасырда кептірілген жемістер жеңсік ас (деликатес) саналған. Қазіргі таңда мұндай өнім түрі тағамға қосуға, сусын дайындауға және басқа да қолданыстағы азық. Жемістерді кептіру және оны сақтау оңай шаруа емес. Сондықтан бұл кәсіпке көп адам бара бермейді. 

Ал еліміздің үшінші мегаполисінің өндіріс саласында кишмиш, өрік, алма, алмұрт жемістерін экологиялық таза әдіспен кептіру технологиясын енгізу және тарату инновациялық жобасы жүзеге асырылуда. 

Инновациялық жобаның басты мақсаты –  халықты химиялық консерванттар мен реагенттер қоспай дайындалған, адам ағзасына пайдалы жеміс-жидектермен қамтамасыз ету. Шымкент қаласы ауылшаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, қалада кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға инновациялық технологияны енгізу мен тарату жоспарланған.  Өзара бәсекелестік ортада өндірілген өнімнің сапасы жоғары болады. Осылайша  «Made in Kazakhstan»  маркасы бар, экологиялық таза, сапалы,  брендтік өнімдерді экспорттау өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыратындығы сөзсіз. Экспорт болған жерде өсіп-өрлеу болатыны сөзсіз. Сондықтан да эскпортқа өнім шығаруды арттыру - бәсеке талабы.

Сондай-ақ ауқымды жоба халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге де ықпал ететін болады. Нәтижесінде көптеген отбасы нәпақасын тауып, тұрмыс деңгейі артады. 

Айта кету керек, Қазақстанда  кишмиш, өрік, алма, алмұрт жемістерін кептіру арқылы дайындау технологиясы болмаған. Дайын өнімдер  Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінен жеткізілетін.  

Кептірілген жемістердің ең басты құндылығы – ағзаға қажетті минералды заттарға бай. құрамында май жоқ. Бұл жемістің балғын жеміс-жидектерден айырмашылығы – сусыз болуы. Алайда кептіру кезінде пайдалы дәрумендер мен минералды заттардың жартысы жоғалады. Ал қалған микроэлементтер – натрий, магний, калий, кальций, темір және пектин мен жаснұқтар сақталады.

Шымкентке пәкістандық ірі тоқыма компанияларының делегациясы келді
«KazBioLife» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайтпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу