«Бал Текстиль» кілем фабрикасының жаңа дүкені ашылды

Oinet.kz 14-11-2022 420

image.png

«Бал Текстиль» ЖШС халықаралық деңгейдегі отандық тұңғыш кілем тоқыма фабрикасы. Фабрика 2011 жылы индустрияландыру картасы аясында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта құрылып, 2013 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда алғаш рет кілем шығаруды қолға алды. «Бал Текстиль» жылына 5 млн шаршы метр кілем, кілем өнімдерін, сондай-ақ, 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін жасап шығарады. Экономикалық аймақтың бірден бір артықшылығы – мұнда орналасқан мекемелер жер, меншіктік және корпоративтік салықтан босатылады. Кілемнің құрамы екі бөліктен тұрады. Оның бірі – түгі, екіншісі – астары. Бұл екеуіне екі түрлі жіп қолданылады. Жіп иіру цехының өзі ауқымды өндіріс орны. Мұнда тоқымаға қажетті жіптердің «BCF», «Heat-Set», «Frize» түрлері «Oerlikon Neumag» (Германия) машинасында жасалады. Қап-қап полипропилен алдымен ерітіледі. Түрлі түске боялады. Содан соң талшыққа бөлінеді. 

Жақында «Бал Текстиль» ЖШС-нің Шымкент қаласында кезекті дүкені ашылды. Жалпы фабрика іске қосылған күннен  бері еліміздің тоқыма кластерін дамытуға қомақты үлес қосып келеді. Айтулы кәсіпорын өнімдерін ішкі нарықта ғана емес алыс-жақын шетелдерге де экспортталады. Сондай-ақ тоқыма фабрикасы әлемге әйгілі швециялық  I "IKEA" компаниясымен ұзақ мерзімге бірлесіп жұмыс істеуге қол жеткізген. Бүгінде өндіріс орны отандық өнімдерді Ресей, Германия елдеріне тоқтаусыз экспорттап отыр.  

«Бұл біздің фирмалық 4-ші дүкеніміз. Мұнда өзімізде өндіріліген кілемдердің көптеген түрлері бар. Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді»,- дейді «Бал Текстиль» кілем фабрикасының директоры Талғат Искахов.

Кілем фабрикасының басты мақсаты отандық өнімнің сапасын шетелдік кілемдердің сапасынан кем түспейтінін дәлелдеп, танымалдылығын халық арасында артыру болып табылады. Сол себепті мұнда отандық өнімдермен қатар Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан мен Молдава елдерінің өнімдері ұсынылған. 

Қоржынында 2000-ға жуық кілем дизайны бар компания аз ғана уақытта халықтың ықыласына ие болып, отандық және халықаралық сапа конкурстарында «Үздік тауар» номинациясымен танылды.

Айта кетейік, әдемі дизайн, жоғары сапамен жасалған кілемдерді бал текстильдің жаңа дүкендерінен таба аласыз.  Сонымен қатар мұнда компаниянң  барлық өнімінарықтағы бағадан төмен бағада саудаланады. 

Синтепон және көрпе шығаратын «ARNATEX» өндіріс орны ашылды
Шымкентке пәкістандық ірі тоқыма компанияларының делегациясы келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу