«Best Home Kz» ЖШС-нің филиалдары көп
Елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруде өнеркәсіптік саланы дамыту маңызды. Бұл бүгінде мемлекет дамуының басты бағыттарының біріне айналып отыр. Әсіресе, шағын кәсіпкерлікті қолға алу арқылы ішкі нарықтағы сұранысты толығымен қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңейеді.
Бүгінде Шымкентте бір жерге бірнеше өндіріс орындарын шоғырландырып, қолайлы жағдай жасап отырған «Оңтүстік» индустриялды аймағы бар. Осылайша ел тұтынатын, кәдеге жарайтын өнімдер өзімізде де шығарылады. Иә, ел экономикасының өсуіне айтарлықтай серпін беретін шаһардағы индустриялдық аймағында көптеген кәсіпорындар іске қосылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Соның бірі «Best Home Kz» ЖШС. Кәсіпорын 2018 жылдан бастап іске қосылған. Бүгінгі таңда, тек Шымкентте емес, сонымен қатар Түркістан, Жамбыл облыстарында лак-бояу өнімдерін шығаратын цехтары да іске қосылып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде. Соңғы 10 айдың көрсеткішімен 400 тоннадан астам өнім шығарған лак-боя цехі «New Color» брендімен Сулы-дисперсиялык бояу, акрилды бояу, лактар, акрилды желім, сәндік сылақтар шығарумен айналысады. Сапалы лак-бояу өнімдерін өндірудің заманауи технологиялары, импорттық жабдықтар, қызметкерлердің жоғары біліктілігін алға тарта отырып, қарқынды жұмыс жасауда.
Жалпы Шымкентте одан бөлек «Тассай» индустриялық аймақтар мен көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Бүгінде бұл аймақтарда Түркия, Қытай, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Еуропа, Таяу және Қиыр Шығыс елдерінен қазақстандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен 11 мың жұмыс орнымен 300 млрд.теңгеге-189 жоба іске асырылуда. Оның ішінде бүгінгі таңда 160 млрд.теңгеге 124 жоба іске асырылды және 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, елімізде алғаш рет, жалпы алаңы 306 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылуда. Жаңа индустриялық аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және т. б. салалар 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 200 миллиард теңгеден аса қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. Айта кету керек, Шымкентте өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша 54 кәсіпорынның шығарған өнімдері тұрақты түрде экспортқа шығарылуда.