Шымкентте қоқысты қайта өңдейтін зауыт ашылмақ

Oinet.kz 13-11-2022 591

image.png

Иә, адамзат баласының алдындағы көкейтесті мәселенің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарды  жою, сұрыптау, қайта өңдеу мен кәдеге жарату. Қазіргі уақытта қалдықтарды игеру – да­мушы елдерде басты мәселе. Дамыған мем­лекеттерде қатты қалдықтар түріне қарай бөлек жиналып, қайта өңделіп, кәдеге жаратылады. Еліміздің «жасыл экономикаға» көшу жөнін­дегі тұжырымдамасына сәйкес 2050 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды 50 пайызға дейін өңдеуге қол жеткізуіміз керек.

Осы ретте Шымкентте алдағы жылдары өзінің қоқысты қайта өңдейтін зауыты пайда болады. Бұл туралы «Waste2Energy» ЖШС бас директорының кеңесшісі Әбдіманап Жұмаділдаев мәлімдеді. Оның айтуынша, болашақта қоқыс өңдеу зауытында жылына 200 мың тоннаға дейін қалдық жағылады. Осының арқасында кәсіпорын электр қуатын өндіретін болады. Жылына өндірілетін электр қуатының көлемі - 15,2 МВт болады. 

«Зауыттан шығатын өнеркәсіптік қалдықтар экологиялық талаптарға сай болады және стандарттардан аспайды. Біздің зауыт барлық еуропалық стандарттарға сәйкес келеді, біз одан да әрі қарай дамып, тазалаудың тағы екі кезеңін қостық. Сонымен қатар, автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылады. Яғни, құбырға сенсорлар орнатылып, мамандарымыз онлайн режимінде көрсеткіштерді бақылайды. Егер қалдықтардағы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы асып кетсе, бұл кәсіпорынның барлық жүйелерді тазарту үшін дереу тоқтатылатынын білдіреді», - дейді Әбдіманап Жұмаділдаев.  Яғни зауыт экологиялық талаптарға сай жұмыс істейді. Зауыт өз кезегіне қала экологиясының жақсаруына өз үлесін қосып, қаладағы электр мәселесін шешуге де оң ықпал етпек.

Әлемдегі тәжірибелерге сүйенсек, Фран­ция, Жапония, Қытай сынды «жасыл эконо­мика» қағидаттарын ұстанған мемлекеттерде тұрмыстық қалдықтар – табыс көзі. Бұл ел­дерде үйіліп жатқан қоқыс үйінділерінен түр­лі бұйымдар шығарылып, күнделікті тұрмыс­қа қажетті өнімдер төрткүл дүниеге таралады. Жаһандану жайлаған қоғамда табиғи ресурс­тар азайып, қоршаған орта ластанғандықтан адамзат үшін «жасыл экономикаға» көшу міндетті болып отыр. Қоқыс – адамзат бар­ да таусылмайтын қор. Осы шикізат көзін тиімді пайдаланып, ұқсата білу, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру – сіз бен біздің міндетіміз.

«Best Home Kz» ЖШС-нің филиалдары көп
Шымкенттің өз науаты бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу