Қуандық Бишімбаев түрмеде отырып қанша табыс табады

Oinet.kz 06-06-2025 343

Адам өлтіргені үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев алимент мөлшерін азайтуды сұрап, түрмеде табысы жоқ екенін алға тартқан еді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_8.jpg

Алайда сот оның «кедейлігіне» сенбей, алимент төлеу міндетін күшінде қалдырды.

Orda.kz экс-министрдің нақты қанша табыс табуы мүмкін екенін және оның иелігінде қандай активтер қалғанын зерттеп көрді.

Бұған дейін біз Қуандық Бишімбаевтың арызы қанағаттандырылмағанын және ол балаларын асырауға арналған алиментті бұрынғы мөлшерде төлей беретінін  жазған едік. Астана қалалық сотының баспасөз қызметі бұл шешімнің мән-жайын түсіндірді.

Белгілі болғандай, Бишімбаев бұрынғы әйелімен 2020 жылы нотариалды түрде бекітілген келісім негізінде белгіленген алимент мөлшерін азайтуды сұраған. Ол үш кәмелетке толмаған баласын асырауға ай сайын 1,6 миллион теңге төлеуге міндеттелген. Бұл төлемдер әр айдың 20-сынан кешіктірілмей түсіп тұруы керек.

Егер Қуандық Бишімбаев осындай қаражат төлеуге келіскен болса, оның ай сайынғы табысын шамамен есептеуге болады.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 139-бабына сәйкес, үш және одан да көп балаға төленетін алимент төлеушінің табысының 50 пайызын құрайды.

Осы логика бойынша, Қуандық Бишімбаевтың ай сайынғы табысы шамамен 3,2 миллион теңге болуы мүмкін. Алайда бұл қаржы сот шешімі емес, ерікті түрде жасалған келісім бойынша белгіленген. Сондықтан оның нақты табысы бұдан да көп болуы ықтимал. 1,6 миллион теңге – Назым Қахарманмен өзара келісілген ақша ғана.

Orda.kz бұған дейін сотталған экс-министрдің активтері туралы жан-жақты жазған болатын. Қуандық Бишімбаевтың туыстары келесі компанияларға иелік етеді:

Ezy Park – жылжымайтын мүлікті жалға беру және пайдалану саласында жұмыс істейді,«Sapa Logistics» ЖШС – қоймалау және сақтау қызметтерімен айналысады,«Техникалық лицей» жеке мекемесі,«Alawwal Partners Ltd» ЖШС – қаржылық қызмет көрсетеді,«Success ABN» ЖШС – құрылыс жобаларын әзірлеумен айналысады.

Сондай-ақ Бишімбаевтың анасы мен әпкесі Астана мен Шымкент қалаларында жылжымайтын мүлікке иелік етеді.

Былтыр Астанада Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша апелляциялық іс қаралды.

Жамбылда 40 жолаушы мінген автобус толықтай өртеніп кетті
Маңғыстау облысындағы шахтада апат болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу