Бишімбаев алиментті азырақ төлеу үшін мүлкін қайта рәсімдеткен – Адвокат

Oinet.kz 05-06-2025 105

Сот Қуандық Бишімбаевтың алимент көлемін қысқарту туралы арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_7.jpg

Адвокат Динара Шәмшекованың айтуынша, 2020 жылы Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман арасында үш балаға алимент өндіру туралы келісім жасалған. Алайда бірнеше ай бұрын Бишімбаев қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартып, шартты өзгертуді, төлемдер сомасын азайтуды сұрап сотқа жүгінген.

"Нормативтік қаулыға сәйкес, бұл шынымен де шарттарды өзгертуге негіздердің бірі болуы мүмкін, бірақ бұл –сөзсіз негіз емес. Сот талқылауы барысында біз Бишімбаевтың мүлкі бар екенін білдік. Үкім шығарылғанда, қылмыстық сот отырысында оның қандай мүлкі бар екенін де анықтадық. Ол мүлікті басқаға тіркеп тастаған”, – деді адвокат. 

Адвокаттың айтуынша, мүлік сыйға тарту шарттары бойынша қайта рәсімделген, яғни экс-министр оны үшінші тұлғаға берген. Осыдан кейін Бишімбаев материалдық жағдайының нашарлағанын айтып, алимент мөлшерін "бірнеше есе" азайтуды сұрады.

"Сот біздің дәлелдерімізге сүйене отырып, талап-арызды қанағаттандырудан бас тартты. Бұл әрекет мүлікті қайта рәсімдеп, алимент төлеуден жалтару әрекеті ретінде бағаланды. Бұл – оның конституциялық міндеті. Балалардың мүддесі үшін сот келісімді өзгертуден бас тартты", – деді Динара Шәмшекова.

Адвокат Бишімбаевтың меншігіндегі және оның қайта рәсімдеген мүлкі үш баласы да кәмелеттік жасқа толғанша алименттік міндеттемелерді орындауға жеткілікті екенін айтты.

«Олар – ақымақ, надан»: СҚО-да орыс ұлтына тіл тигізген мектеп директоры қамауға алынды
«Төрт күн бойы еркінен тыс...»: Қарағандыда 15 жасар қызды 38-дегі ер адамға күштен тұрмысқа берген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу