Үшінші мегаполисте жеңіл өнеркәсіп өрге басып келеді

Oinet.kz 12-11-2022 410

image.png

Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың, әсіресе, әйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту болып табылады. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары – азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан, қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс. Әлеуметтік-экономикалық ма­ңы­зы зор бұл саланы да­мы­туға әлемнің көптеген елде­рі әлдеқашан түбегейлі бетбұ­рыс жасаған. Мә­се­лен, же­ңіл өнеркәсіптің үлесі АҚШ, Ита­­лия, Германия, Қытай, Пор­­ту­­галия, Түркия сияқты дамы­­­ған елдерде 12-20 % құ­райды. Қытай, Үндіс­тан, Түр­кия, тіпті іргедегі Қырғыз­стан мен Өз­бекстан мемле­кеттері табысының қомақты бөлігін жеңіл өнеркәсіп тауар­ларының экспортынан түсіру­де. Қазақстан да бұл салада осалдық танытып отырған жоқ.

Ресми деректер бойынша, Шымкенттен шығатын өнімнің 3,8 пайызын жеңіл өнеркәсіп саласы құрайды. Мегаполисте, әсіресе, тоқыма бұйымдарын жасау кең өріс алған. Нақтысын айтсақ, республикада өндірілетін мақта-мата өнімдерінің 98 %, шұлықтың 68 пайызы, ал, кілемнің 100 пайызы Шымкенттен шығады. Осылайша Шым шаһар отандық текстиль өндірісінің ірі орталықтарының біріне айналды. Жеңіл өнеркәсіп бағытындағы зауыт-фабрикалардың басым бөлігі «Оңтүстік» арнайы индустриалды аймағында орналасқан. 

Өнеркәсіпті қолдау шараларының арқасында бүгінде Шымкент қаласында 60 белсенді экспортер-кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар негізінен мұнай өңдеу, машина жасау, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі және фармацевтика салаларында жұмыс істейді. 2021 жылдың қорытындысымен экспорт көлемі 573,5 млн АҚШ долларын құрады. 2022 жылдың басынан Орта Азия елдері, Ресей, Қытай, Иран сияқты, жалпы 15 елге 460,1 млн АҚШ доллардың тауарын экспорттады.

Бүгінде Шымкент қаласында тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 100 мыңнан асып отыр. Оның 95 502 белсенді жұмыс істеп тұр. Экономиканың осы секторында 180 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Саладағы өнім көлемі 2021 жылы 1 трлн 607 млрд теңгені, ал салық түсімдері 102,5 млрд теңгені құрады.

Шымкент индустриалды аймағы көп шаһар
Қытайға өнімін экспорттайтын зауыт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу