Әуезов университетінің ғалымдары баламалы энергияны дамытуға күш салмақ

Oinet.kz 09-11-2022 610

image.png

«Қазақстан 2050 жылға қарай  электр энергия көздерін өндіру 50 пайызын жанартылатын қуат көздерінен алынатын болады. «Жасыл экономика» — ең алдымен, инновация. Болашақтағы дамуымыз соған негізделетін болады. Егер экологиялық тұрғыда бәрі сәтті болатын болса, онда жаңа технология да дамитын болады!»-деп елбасымыз айтқандай баламалы энергия көздері Қазақстан экономикасының дамуына, ресурстардың үнемделуіне, жалпы қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жоғарылауына, қоршаған орта сапасының жақсаруына септігін тигізеді. Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер туындауда. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Табиғи қорларды тиімді пайдалана отырып, жасыл экономиканы дамыту- қазір әлем ғалымдарының өзекті проблемасы.  Осы ретте шымкенттік ғалымдар үш түрлі бағыт бойынша ғылыми жобалар әзірлеп жатыр. Ол қандай жоба? Бұл жұмыстар баламалы энергия көздерін өндіруге септігін тигізе ала ма?

Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіреді. Мұны ғалымдар кеш білді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады.

Қазір үшінші мегаполистегі М. Әуезов атындағы ОҚУ ғимаратынан ашылған Рае Квон Чунг атындағы климаттық орталық қызметкерлері қызу жұмысқа кірісіп кетті. Кореялық ғалым жергілікті әріптестеріне 3 түрлі бағытта жұмыс істеуге тапсырма беріпті. Олар жаңа инновациялық білім бағдарламаларына негізделген.

Баламалы энергияның түрлері көп. Алайда адамзатқа қаржылық жағынан тиімді әрі экологиялық табиғилығы басым жағын игерген әлдеқайда тиімді. Оңтүстік өңір энергетиканы күн сәулесінен өндіруге ыңғайлы аймақ. Жылдың 365 күннің 300 күні бұл іске қолайлы дейді ғалымдар.

Ал, үшінші бағыт – «АРАЛ ҚАСІРЕТІ». Бір кездері суынан нуы жайқалған аймақтың қазір жері қарс-қарс жарылып, шөлейтке айналды. Теңізді қалпына келтіру жұмыстарына енді шымкенттік ғалымдар ғылыми негіздеме жасауға білек сыбана кірісіп кетті.

Шымкентте алып зауыт қондырғыларын құрастыратын кәсіпорын бар
Ирригациялық жүйелер жаңартылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу