Ауылшаруашылық кооперативін құру тиімді жоба
Өткен жылдың жазында Шымкент қаласының ерекшеліктері ескеріле отырып, шағын және орта бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленген болатын. Нәтижесінде «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы қала әкімнің қаулысымен бекітілді. Бағдарлама 3 бағытты қамтиды: өндірістік парктер құру, сауда мен көрсетілетін қызметтерді дамыту, өндірісті дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және осы бағыттарға жеңілдікті кредиттер бойынша қаржыландыру көзделген.
Екінші бағыт бұл - ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы якорлы кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету. Яғни, әкімдік, үй шаруашылығы және якорлы кәсіпорынның үшжақты атсалысуы арқылы кооперациялық тізбекті құруға болады.
"Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру заман талабы. Себебі, бүгінгідей жаһандану заманында ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру үшін бұл жұмыстың маңызы зор. Кооператив ашудағы мақсат ауыл шаруашылығымен айналысатын ұсақ шаруашылықтардың басын біріктіру болып табылады. Мысалы ретінде, қаладағы ең ірі «Magnum» супермаркетінің басты жеткізушісі «МСС trade company» ЖШС-сы 19 түрлі тауар бойынша 10,0 мың тоннадан астам көкөністер мен жеміс-жидектер кепілді түрде сатып алуға дайын. Сол сияқты ет саласында «Агросервис-БМБ» әр үй қожалығында ірі қара мал бордақылап, сатып алуға дайын. Тиісінше, бұл кәсіпорындар басынан соңына дейін өз тарапынан агрокомпетенциямен сүйемелдеу, тапсырыстармен қамтамасыз етеді. Ал сельхоз кооператив немесе үй шаруашылығы өз тарапынан жермен, қаржысымен кіріп, өнімдерін толықтай өткізе алады",- дейді Шымкент қаласы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.
Осы бағдарламаға қатысу үшін «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисіне жүгіну керек дейді мамандар.