Спорт алаңшалары көбеюде

Oinet.kz 30-10-2022 318

image.png

«Салауатты өмір салты – дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты». Осылай деп мәлімдеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екеніне назар аударды. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде. Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік соңғы жылдары Қазақстанда кең таралып, өз тиімділігін дәлелдеп келе жатқан маңызды үрдіс. Мемлекеттің елдегі азаматтарға, қоғамға тиімді түрлі жобаларды, әлеуметтік маңызды нысандарды іске қосуға әрдайым ресурстық мүмкіндігі бола бермейді. Бұл ретте, қолында тиісті қаражаты бар, елдің жағдайына, қоғамдағы өзекті мәселелерге немқұрайлы қарамайтын іскер, қалталы азаматтар мен заңды тұлғалардың әлеуетін пайдалана отырып, оларды елге де, өзіне де пайда әкелетін осындай жобаларға тарту арқылы мақсатқа қол жеткізу өзін өзі ақтап келе жатқан үрдіс. Мұны қоғамда бір сөзбен мемлекеттік-жекешелік әріптестік деп атайды.

Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және баршаға қолжетімді спорт жөніндегі тапсырмасына сәйкес салынған  Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ел игілігіне берілген спорт алаңшасы бар. 

Аталған спорт алаңшаның құрылысына демеушілер есебінен 14,5 миллион теңге қаралып, мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі таңда спорт алаңшасы тұрғын алаптағы № 83 мектепке пайдалануға берілуде. Қалада бұл бағыттағы жүйелі іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының бес жылдық даму жоспарында адами капиталды арттыру міндеті белгіленген. Бұқаралық спортты дамыту арқылы тұрғындарды салауатты өмірге бейімдеу, олардың өмір жасын ұзарту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спорт саңлақтарын тәрбиелеу міндеттері айқындалған. Мегаполистің заманауи спорттық орталық ретінде дамуы қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған.

Кәмпиттің 20 түрін шығарады
Балалар тегін доп теуіп, теннис ойнап жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу