Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 18 көше жарықтандырылды
Өткен жылы Еңбекші ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көше жарықтандырылған болса, ағымдағы жылы 34 көшені жарықтандыру жоспарланған.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде айтты.
Аудан әкімінің айтуы бойынша қазіргі таңда 18 көше жарықтандырылған. Жыл соңына дейін 16 көше жарықтандырылады деп күтілуде. 2023 жылға – 15 көшені жарықтандыруға жобалау сметалық құжаттамалар әзірлегені. Қосымша 15 көшені жарықтандыруға нақтылау жұмыстары жүргізілуде.
Досбол Күздікбайұлының таратқан мәліметі бойынша, бүгінде ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы асфальт, 181 шақырымы тас, 19 шақырымы топырақты құрайды.Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделсе, ағымдағы жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын: Оның ішінде, 131 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 1 көшені жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. Сайрам су көпіріне баратын жолға көпір құрылысы толық аяқталғаннан кейін асфальт қабаты төселетін болады.
Айта кетейік, былтырғы жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында шаһарда 104 көшеге жарықшамдар қойылған болатын. Нәтижесінде бүгінде 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жеткен еді. Қосымша 12 көшенің жарықшамы қайта жөнделді. Биыл да аталмыш жоба аясында 102 көше жарықтандырылмақ.
Кәсіпкерлік сектордың дамуына әсер ететін ауқымды бағыттың бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектордың қоғам игілігі үшін атқарылатын жұмыстарда ынтымақтастық орнату арқылы жүзеге асырылады. Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытына көңіл бөлініп, әлеуметтік маңызы бар салаларда жүзеге асырылып келеді.