Автобустар қаланы уламайды

Oinet.kz 11-10-2022 283

image.png

Миллиондар тоғысқан мегаполис тұрғындарын көптен алаңдатқан ахуалдың бірі – экология мәселесі. Иә, өндірістің өрге жылжуы мен түрлі тұрмыстық игіліктер қоршаған орта мен экологияға залалын тигізбей тұрмайды. Тұрмыстық игіліктер деп отырғанымыз – тізгініміздегі тіршілігімізге тірек еткен түрлі темір тұлпарларымыз.Оның ішінде қоғамдық көліктер де бар. 

Әр көлік қанша оттегіні жұтса, соның екі есе көлемінде зиянды заттар бөліп шығарады екен. Сапасыз бензиннің әсерінен ауаға уытты газдар таралады. Мәселен, бір литр бензин жанған кезде ауаға 200-ге жуық зиянды компонент  тарайды. Экологтардың айтуынша,  көліктерден шығып жатқан түтінде көмір қышқыл газы мен формальдегид  көп.

Қоршаған ортаның ластануына ескі көліктер мен жанар-жағар майдың сапасыздығы себеп болып отыр.  Зерттеулер крсеткендей өнеркәсіп орындарына қарағанда, ауаны көліктен шыққан зиянды заттар көптеп ластайды екен.  (70 пайыз). Әсіресе, бағдаршамдардың алдындағы көлік кептелісі  қоршаған ортаға зиян келтіреді. 

   Аталған өзекті проблеманы шешу мақсатында Шымқаладағы автобустар жаңартылып, ең бастысы олар қала көшелерін  қара түтінмен уламайтн болды. Шымкент қаласында қазіргі уақытта 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89% құрайды.

Осы  мыңға тарта қоғамдық көліктердің  600-ге жуығы қаланың ауа қабатын ластамауы үшін газбен жүретін тиімді автобусқа ауыстырылған. Яғни  жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, қалаға 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынған.

Шымқалада екі газ құю бекеті бар. Екі газ құю бекеті қаладағы  қоғамдық көліктердің 80 пайызын қамтып отыр. Ал үшінші станцияның салу үшін инвестор анықталып, жер учаске бөлінген. Қазіргі таңда құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр. Нысанның құрылысы  аяқталса бүгінгі күннің қажеттілігін толық қамтамасыз етеді дейді сала мамандары. 

Табиғатты қорғауға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді
Кәсіпкерлерге бос жерлер ұсынылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу