«Жасыл қала» ұлттық жобасы нәтижесін беруде
Өркениеттің дамуымен адамның табиғатқа араласуы күшейе түсті. Жыл сайын әлемдік өнеркәсіп атмосфераны миллиондаған тонна шаң мен басқа да зиянды заттармен ластайды. Теңіздер мен өзендер өндірістік қалдықтармен, химиялық заттармен және ағынды сулармен уланған. Үлкен қалаларда тұратын адамдар зауыттар мен қалалық көліктердің зиянды шығарындыларынан, сондай-ақ таза жетіспеушілігінен адамдар қатты зардап шегеді. Ең өзекті мәселелердің қатарына озон қабаты, қышқыл жаңбыр, жаһандық жылыну, атмосфераның улы ластануы, ормандардың жойылуы, жер асты суларының ластануы, топырақтың бұзылуы т. б. факторлар жатады.
Өнеркәсіп ошақтарының қоршаған ортаға зиянын азайту мақсатында қазіргі таңда елімізде бірқатар шаралар қабылданған. Айталық кәсіпорындарға заманауи жаңа сүзгіш қондырғылар орнату, айыппұл салу, айналаны көгалдандыру секілді талаптар қойылуда. Мұндай талаптар Шымкент қаласында экологиялық проблемалардың оңынан шешілуіне ықпал етуде.
Бүгінде үшінші мегаполисте 737 кәсіпкерлік нысанның санаты айқындалған. Қала экологиясын жақсартуда «Жасыл қала» ұлттық жоспары шеңберінде ірі өндіріс орындарының ауаны ластау деңгейін төмендететін жүйелі іс-шаралар бар. Шымқалада бірінші санатқа жатқызылған кәсіпорындардың ауаға шығарындыларының басым бөлігі 4 мекемеге тиесілі. Олар – «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, «3-Энергоорталық» АҚ және «Стандартцемент» ЖШС зауыты. Аталған кәсіпорындар ауаға шығатын қалдықтың көлемін жыл сайын төмендетіп отырады. Мәселен былтырғы жылы «Шымкентцемент» АҚ жалпы ауаға шығарындыларын 7 мың тоннадан 5 мың тоннаға, «Стандартцемент» 8 600 тоннадан 5 мың тоннаға дейін азайтқан. Ал «Жасыл қала» ұлттық жобасы бойынша «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС 2025 жылға дейін ауаға шығарындыларын 20 пайызға төмендетуге міндетті. Қазіргі уақытта тиісті жобалық құжаттамалар әзірленуде дейді мамандар. Одан бөлек, аталған мекемелерге 2023 жылға дейін автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу талабы қойылып отыр. Яғни, кәсіпорын аумағында негізгі ластау көздерінде шығындар көрсеткіштерін қадағалайтын және қоршаған ортаға эмиссиялардың мониторингін ақпараттық жүйеге енгізу бойынша жұмыстар қолға алынған. Бұл да өз кезегінде экология проблемаларын азайтуға септігін тигізбек.