Грант алғысы келетіндер көп-ақ...

Oinet.kz 23-10-2022 545

image.png

Шымкент қаласында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант берудің, үшінші легінің комиссия отырысы басталды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын үміткерлер  арнайы комиссия құрамының алдында өз жобаларын қорғап шығуы тиіс. Алғашқы күні комиссия отырысына 134 азамат келді. Олар кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша бизнес-жобаларын таныстырды. 

Елімізде кәсіпкерлік бағытты қолдауға үлкен көңіл бөлінуде. Шағын және орта бизнесті ілгерілетуде Үкімет бекіткен бағдарламаның шарапаты мол. Бұл ретте «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бағыты айқын. Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық берді. 

Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант мөлшері – 400 АЕК. Бұл – 1 225 200 теңгені  құрайды. Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал, жалпы жыл соңына дейін 1150 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінге дейін  биылғы жылға қала бойынша 610 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізген.  Оның ішінде 430-ы әйел азаматшалар.  Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Шағдат Әсетұлының айтуынша олар жартылай дайын тағамдарды сату, кондитерлік өнімдерді даярлау, тігіншілікпен айналысу, сүт өнімдері мен балалар ойыншықтарын жасап шығару сынды ұсыныстарын білдірген. Ал ер азаматтардың басым бөлігі  автомеханика саласы бойынша грант иеленгісі келеді екен. 

Ал, жыл басынан «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде 6805 әйел азаматша оқытылса, бос және жаңа жұмыс орындарына 4888 әйел орналасқан, 3 айлық оқу курстарына қатысып жаңа мамандық игерген әйелдер саны 1143. 

Мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдалана білді
«Абай» саябағына көшеттер отырғызылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу