Жылына 150 мың аяқ киім тігеді

Oinet.kz 22-10-2022 292

image.png

Шыны керек осы күнге дейін елімізге аяқ киімдердің басым бөлігі сыртқы импорттан келуде. Алайда соңғы жылдары бұл кәсіпті отандық бизнес өкілдері де қолға алып, сапалы, шетелдік фирмалық аяқ киімдермен бәсекелес бола алатын өнімдерді шығаруда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жұмысын бастаған Шымкенттегі  «LUX Shoes» БК» ЖШС-ның  табиғи былғарыдан тігілген аяқ киімдеріне бүгінде сұраныс артып келеді. Кәсіпорынның өнімдері елімізде брендке айналып келеді. 

Алдағы күндері үшінші мегаполисте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан» аяқ киім тігетін тағы бір кәсіпорынмен толықпақ.  «Тараз-INTERSERCO» ЖШС аяқ киім шығаруды қолға алды. Ол үшін арнайы аймақтан 1 гектар жер берілді. Инвестициялық жобаның құны  - 400 миллион теңге. Жылына 150 мың аяқ киім тігуді жоспарлап отыр. Шығарылған өнім толығымен ішкі нарықты қамтитын болады. Шымкенттік аяқ-киім өте сапалы болады. Сапа болған жерде сұраныс артатыны белгілі.  Кәсіпорын іске қосылған сәтте 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтар алынған. Вьетнамдық кәсіпкерлермен серіктестік орнату, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Өнімдер ішкі нарықты қамтымақ. Осылайша кәсіпорын отанық өнімдерің қатарын көбейтпек. 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылы құрылған болатын. 200 гектар аумақты алып жатыр.  Резиденттер үшін тегін жер учаскесі, жер салығын, мүлік салығын және корпоративтік табыс салығын төлеуден босату түрінде инвестициялық жеңілдіктер мен преференциялар көзделген. 100  пайыз инфрақұрылыммен қамтылған. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аумағында сумен жабдықтау және электр энергиясына тарифтер Шымкент қаласында жалпы белгіленген тарифтерден айтарлықтай төмен екенін атап өткен жөн.

«Кәсібің-нәсібің»
Қаланың жасыл желегінің аумағы кеңейеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу